"Қара бүркіттегі" тұтқындарды күзетіп жүрген әскерилер жүйелі түрде пара алып отырды деген күдікке ілінді
Фото: ҚР ІІМ ҚАЖ баспасөз қызметі
Жітіқарадағы әскери бөлімге қарасты 2-жеке атқыштар ротасының взвод командирлері Медет Қожахметов пен Болат Қарағозин қарамағындағылардан жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінген. Олар өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар отырған "Қара бүркіт" колониясында қарауыл болып жұмыс істеген. Ақша аударымдарының жалпы сомасы 2 млн теңгеден асады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Наша газета” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу сотының қаулысы құқық қорғаушы Николой Гиньятовтің назарын аударған. Әскерилерге қатысты тергеу әлі аяқталған жоқ. Онда сыбайлас жемқорлық фактілері құпия дереккөзден алынған ақпарат пен жедел-іздестіру шараларының арқасында белгілі болғаны айтылған. Тергеу нұсқасы бойынша, Қожахметов пен Қарағозин қарамағындағы қызметкерлерден колониядағы жауынгерлік кезекшілік ауысымында болмағаны үшін 5 мыңнан 10 мың теңгеге дейін ақшалай сыйақы алған.
“Алынған мәліметтерді тексеру барысында жауынгерлік міндеттерін орындаудан жалтарған әскери келісімшарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметшілер 2-атқыштар ротасы бөлімшелерінің бастықтары Александр Абраровқа, Жәркен Бөрлібаевқа, Мәди Мұхтаровқа, Алмат Испановқа немесе тікелей Қожахметов пен Қарағозинге банк қосымшалары арқылы немесе қолма-қол ақша аударып жүргені анықталды. Бұл ретте Қожахметов пен Қарағозин тәуліктік кезекшілік парақтарына және тәуліктік үлестің берілуі туралы баянаттарға жазбаларды өшетін қаламмен жазған. Кейін олар белгілеу және нұсқаулық жүргізу үшін сауалнамадағы деректерді ескі ауысымдағы әскерилердің деректеріне ауыстырған. Ескі ауысымдағы әскери қызметшілер қол қойып, арнайы құралдар (кісен, брондалған кеудеше резіңке таяқ, аэрозоль баллондар және бейнетіркеуіш) алмастан аумақтан шығып кеткен”, –делінген қаулыда.
Құжатқа сәйкес, тергеу кезінде 2024 жылдың тамызында 30 әскери қызметшінің күнделікті тәуліктік кезекшіліктен жалтарғаны, ал 8-і жұмысқа мүлде келмегені анықталған.
"Орталық" өңірлік қолбасшылығы - 6800 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі қолбасшысы Сакентай Шекарбеков басылымның жазбаша сұрауына Ішкі істер министрлігінің әскери тергеу басқармасы бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанын растаған. Бірақ бұл тергеуге қатысты ешқандай пікір білдірмеген. Сондай-ақ Қожахметов пен Қарағозиннің лауазымы мен еңбекақысы жөнінде, тергеу басталғаннан кейін қабылданған шаралар турасында да тіс жармаған.
ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Ахмет Шүленов ведомствоның құзыретіне “ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлері болып саналмайтын тұлғаларға қатысты іс жүргізу” департаменттің құзыретіне жатпайтынын айтты.
Кездейсоқ па, жоқ па, бірақ 11 ақпанда ҚАЖД сайтында "№39 мекеме" РМУ-ға ("Қара бүркіт" колониясы – ред.) басшының режим және жедел жұмыс жөніндегі жаңа орынбасары мен жалпы мәселелер және еңбекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары тағайындалғаны жөнінде ақпарат жарияланды.
1 сәуірде құқық қорғаушы Николай Гиньятов Қостанай облысының құқық қорғау орталығының парақшасында оған қатысты қылмыс белгілері табылғаны – әскери тергеу деректерін алдын ала жариялауға қатысты хаттама толтырылғанын хабарлады.
“Ерекше мәртебеге ие мекемеде ашық сыбайлас жемқорлық схемасының бар екендігі туралы оқиғаның жариялануы фактісіне алаңдаған жауынгерлер әскери прокурорға жүгінді – мұндай сорақы дүниелерді қатардағы адамның және олардың рұқсатынсыз жариялағаны қалай?”, – деп жазылған орталық парақшасындағы жазбада.
13 сәуірде Гиньятов әскери прокурордың хаттамасы қараусыз қалғанын мәлімдеді.

"Күн сайын 20 000 теңге беруге уәде берген": Қазақстандық азамат ИП-сын жалға беріп, енді түрмеге түсуден қорқып жүр
