Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Капотында сүйреп айдаған": Шымкентте полицияға бағынбаған ер адам 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Шымкентте бағынбаған автокөлік иесін тоқтатпақ болған полицияны капотында сүйреп айдаған ер адам 7 жылға сотталды. Ол есірткіге мас күйде полицияның өміріне зиян келтіргені үшін айыпталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: polisia.kz

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы У-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

“У 2 қаңтарда автокөлігін Шымкент қаласының Әйтеке би көшесімен басқара отырып жол ережесін бұзған. Кейін инспектор Б оны тоқтатып, бағдаршамның тиым салатын белгісіне өткені үшін хаттама толтыратынын ескерткен. Алайда тәртіп бұзушы автокөлігіне отырып алып жүрмекші болған. Инспектор Б оның автокөлігінің алдына тосқауыл болып тұрып алған кезде көлік иесі алға жүрген. Б автокөліктің капот бөлігіне құлағанына қарамастан сол күйінде біраз жерді жүріп өткен”, – делінген хабарламада.

Сотталушы У-ға қылмыстық кодекстің 380-бабы 5-бөлігімен (билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты денсаулығына қауіпті күш қолдану) бойынша айып тағылды. Сотталушының кінәсі дәлелденді.



Жаза тағайындау барысында сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде жасаған әрекетіне шын өкінуі мен екі жасөспірім балалары болуы ескерілді.

Ал ауырлататын мән-жайға қылмысты есірткіге масаң қалде жасауы себеп болды. 

“Сот У-ды Қылмыстық кодекстің 380-бабы 5-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – делінген хабарламада.

Талқылау