Қазақстанда кімдерді қосылған құн салығынан босатады
Депутат Асхат Аймағамбетов жаңа Салық кодексінің жобасында әлеуметтік сала бойынша қандай түзетулер енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Депутаттар жаңа Салық кодексінің жобасын қарау барысында білім, ғылым, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау салаларын қолдау және осы бағыттарда қымбаттауды болдырмау мақсатында бірқатар түзетулер енгізді.
Асхат Аймағамбетов кодекске енгізілген түзетулерге тоқталды:
- Мәдениет, тарихи-мәдени мұра және арнайы әлеуметтік қызметтер саласындағы ұйымдарды корпоративтік табыс салығынан толық босату;
- Отандық кітап басылымдары мен анимация индустриясын қосылған құн салығынан босату;
- Білім, ғылым, спорт және денсаулық сақтау ұйымдары үшін корпоративтік табыс салығын 5%-ға дейін төмендету;
- Қатерлі ісік, орфандық, психикалық, жүрек-қан тамырлары, бүйрек, аутоиммунды, диабет және басқа да күрделі ауруларды емдеуге бағытталған медициналық қызметтерді қосылған құн салығынан босату;
- қалған бағыттар бойынша да қосылған құн салығын қазіргі деңгейдегідей 0% күйінде сақтау немесе компромисс ретінде 5%-ға дейін азайту;
- Аталған ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды қосылған құн салығынан босату, ал басқа бағыттар бойынша да 0%, болмаса компромисс ретінде 5%-ға дейін азайту;
- Әдеби, көркем және ғылыми шығармалар үшін авторлық алымдарға салық жеңілдіктерін беру.
Депутаттың айтуынша, жаңа Салық кодексінде қаржылық қызметтерге қосылған құн салығының салынбауы мәселесі де қамтылған:
- Қаржылық қызметтерге (банктік аударымдар, зейнетақы қорларының қызметі, төлем қарталары бойынша операциялар) ҚКС салынбауы, яғни бұл саланың қымбаттауына жол бермеу;
- Букмекерлік кеңсе, казино дүкені;
- Құрамында трансмайлар мен энергетикалық сусындар бар өнімдерге акциз;
- Көптеген монополияларға арналған салалық жеңiлдiктердi жою;
- Саяжайларға салынатын салық мөлшерін томендету.
Депутат бұл түзетулер әлі жұмыс тобының отырыстарында талқыланып жатқанын, нақты шешім қабылданбағанын жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда халыққа берілетін кредиттерге салық мөлшерін көбейту ұсынылған еді.
Талқылау