Мектептердегі жасанды интеллект және жүкті өзі түсіретін көліктер: "Қазақтелеком" AlmatyFair.ai көрмесінде қалай таңғалдырды
Әлем жүргізушісіз көлік түрлеріне тез ауысып жатыр. Мысалы, Сан-Франциско дрондарға тапсырыс берсе, Австралияда жүк пойыздары машинистсіз жұмыс істейді. Ал Сингапурда 2026 жылдан бастап автономды қоғамдық көліктер жүре бастайды. Осы тұста Қазақстан да қалыс қалмады. Елімізге де әлемдік деңгейдегі технологиялар белсенді түрде еніп, пайдаланылып жатыр. Олардың кейбірі AlmatyFair.ai көрмесінде таныстырылды.
"Қазақтелеком" Орталық Азиядағы ең ірі жасанды интеллект көрмесінің негізгі қатысушыларының бірі болды. Компания іс-шараның техникалық инфрақұрылымын қамтамасыз етіп қана қоймай, өз жобаларын ұсынды. Ал компания басшысы Бағдат Мусин оларды Қазақстан мен Өзбекстан президенттеріне өзі таныстырды.
Жүкті өзі түсіретін көлік пен өнеркәсіптегі 5G
Көрмеде ұсынылған флагмандық жобалардың бірі – Рrivate LTE/5G өнеркәсіптік желісі. Оны "Қазақтелекомға" еншілес Kcell компаниясы дамытып келеді. Технология қазірдің өзінде ERG компаниясының "Восточный" бөлімін қоса алғанда, Қазақстанның тау-кен секторындағы 10 жобада қолданылады.
Ал келесі кезекте бұл технология "Qarmet" компаниясының өндірістік алаңына енгізіледі. Осылайша, Қазақстан өнеркәсіпте халықаралық талаптарға сай, қауіпсіздік пен тиімді жұмысты қамтамасыз ететін цифрландырудың жаңа стандартына көшеді.
Желі деректерді беру жылдамдығын 10 Гбит/с-қа дейін арттырып, кідіріп жұмыс істеуді 1 мс-тан аз етеді. Жауап беру уақытын 90% қысқартады. Бұл көрсеткіштер жүкті өзі түсіретін көлікті және басқа механизмдерді қашықтан басқаруға мүмкіндік береді. Қауіпсіздікті арттырып, шығынды азайтады. Есептеулер бойынша, Рrivate LTE-ді енгізу техника мен байланыстың тоқтап қалуын 10% қысқартады. Желіге қызмет көрсету шығындарын 50%-ға, апатты 30%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
"Бұл – жай ғана тренд емес, барлық өндіріс үшін жаңа базалық стандарт", — деді Мусин.
Мектептердегі жасанды интеллект: Ашықтық пен мәдениетке апаратын жол
Білім беру жүйесін цифрландыруға да ерекше көңіл бөлінді. Бүгінде Атырау облысының 202 мектебінде бейне және аудиожазба функциялары бар 2,5 мыңға жуық бейнекамера орнатылған. Жүйе оқу процесін талдап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін нейрон желілер мен компьютерлік бағдарды пайдаланады.
Жасанды интеллект мұғалімдер мен оқушылардың сабақта бар-жоғын бақылай алады. Сондай-ақ агрессивті мінез-құлық жағдайларын тіркей алады. Мәселен, мектеп аумағында төбелес болса немесе іздеу жарияланған адамдар мен қарулы азаматтар кіріп, қауіп төндірген кезде деректерді дереу полицияға жібереді. Барлық бейнежазба "Қазақтелеком" платформасында 30 күн бойы сақталады.
"Біз камераларды жай бақылау құралы емес, әдіскерлер мен оқытушылардың интеллектуалды көмекшісіне айналдырдық. Сол арқылы мұғалімдер есеп беруге емес, ең басты нәрсе – білім беруге көбірек уақыт жұмсайды", – деп атап өтті "Қазақтелеком" басшысы.
Жоба Атырау облысының әкімі Серік Шапкеновтың қолдауының арқасында пилоттық жоба ретінде бастау алды. Бүгінде бұл модель басқа аймақтарға да үлгі ретінде көрсетіліп жатыр.
Тұсаукесер барысында Мусин бір жағдайды есіне алды:
"Атырауға барғанымда Теңізшевройл жүргізушісімен жолда келе жаттым. Алайда кешігіп жатқанымды байқап, одан жылдамдықты қосуын өтіндім. Ол болса: "Кешіріңіз, менде барлық жерде датчиктер тұр. Егер ережені бұзсам, қайтып барған кезде бірден менімен келісімшарт бұзылады” деді. Бұл – қарапайым мысал. Технология әдеттерді қалыптастырады. Әдеттер мәдениетті қалыптастырады. Ал мәдениет ұлтты қалыптастырады", – деді ол.
Мусиннің айтуынша, жасанды интеллект өндірісте, мектептерде, тіпті кез келген жерде шығын, энергия, уақытты үнемдейтін құрал ғана емес, ол – тәртіпке, әділдік пен сенімге жол бастаушы. Демек бұл – сапалы білім мен еңбекке ұмтылған әр адамға сенімді көмекші болып, қорғайтын құрал. Сондықтан мұндай цифрлық шешімдерді заңнамалық деңгейде енгізу қажет.
Жасанды интеллект шешімдеріне арналған сенімді байланыс
Көрменің техникалық серіктесі ретінде" Қазақтелеком" барлық цифрлық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті. VPN желілері мен өткізу қабілеті 5 Гбит/с-қа дейінгі жоғары жылдамдықты интернет аймақтары орналастырылды. Одан бөлек, компания көрме барысында тәулік бойы техникалық қолдау көрсетті.