Halyk еліміздегі моноқалалардағы кәсіпкерлер үшін 10%-дық жеңілдетілген несие ұсынады
Еліміздің моноқалаларындағы кәсіпкерлер өз ісін дамыту үшін Halyk банктен жаңа несиелеу бағдарламасы арқылы көмек ала алады. Оның шарттарына сәйкес, банк 200 мыңға дейінгі халқы бар қалаларда орналасқан өңдеу өнеркәсібі секторындағы микро және шағын кәсіпорындар үшін жылдық 10% мөлшерлемемен өз қаражаты есебінен 1 миллиард теңге бөледі.
Моноқалалар бұрын бір профильдегі шикізат бағытында жұмыс істеген елді мекен кәсіпорындарының айналасында пайда болған. Мұндай өнеркәсіптік конгломераттар үшін халықтың негізгі бөлігі тікелей немесе жанама түрде қызмет етеді. Бүгінде елімізде 20 моноқала: Абай, Ақсай, Ақсу, Алтай, Балқаш, Жаңаөзен, Жітіқара, Лисаковск, Қаражал, Кентау, Құлсары, Курчатов, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Степногорск, Теміртау, Хромтау, Шахтинск, Екібастұз бар.
Мемлекет еліміздегі моноқалалардың дамуына белсенді түрде қолдау көрсетеді. Үкімет жыл сайын бұл аймақтардың инфрақұрылымдық мәселелерін жүйелі түрде шешіп, экономикасының нақ осы секторын дамыту үшін тұрақты негізде қаражат бөліп отырады. Қолданыстағы нәтиже беретін әдістердің бірі – әрбір моноқалада микро және шағын бизнесті қолдау шараларын іске асыру. Бұл аймақтағы шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің санын 92,3 мыңнан 100,2 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Әрине, Қазақстан экономикасының ең ірі кредиторы – Halyk та осы тұста бейжай қала алмады. Ол еліміздегі моноқалаларда өндіріс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік пен шағын бизнес санатындағы заңды тұлғалар үшін өз бағдарламасын әзірледі.
Жеңілдетілген несиелеу шарттары бойынша, кәсіпкер кредиттеу мерзімі мен мақсатына байланысты жылдық 10% мөлшерлемемен 5 жылға дейінгі аралықта 50 миллион теңгеге дейін ала алады. Бұл айналым қаражатын толықтыруға, инвестициялық мақсаттарға немесе екінші деңгейдегі банктердегі қолданыстағы несиелерді қайта қаржыландыруға бағытталуы мүмкін. Жеңілдетілген несиені алу үшін азаматтар тұрғылықты жеріндегі Halyk бөлімшелеріне барса болады.
Айта кетейік, Halyk еліміздегі барлық 20 моноқалада шағын және орта бизнесті несиелеу бөлімдері мен толыққанды филиалдары бар жалғыз банк.
"Бүгінде Halyk-тың несие портфелі 7 триллион теңгені құрайды. Бұл бүкіл банк секторының несие портфелінің 50%-дан астамын құрайды. Соңғы 3 жылда өсім 3 триллион теңгеге немесе сектордың жалпы өсімінің 65%-на жеткен. Несие портфеліміздің 5 триллионы экономиканың нақты секторына, оның ішінде басым бөлігі өнеркәсіп саласына бағытталды. Дегенмен несиелеу көлемін ұлғайтуда біз үшін халық саны аз қалаларда орналасқан шағын және орта бизнесті қаржыландыру мен кәсіпорындарда қолжетімділікті қамтамасыз ету өте маңызды. Бұл үшін жеңілдетілген несиелеудің арнайы бағдарламасын әзірледік. Бұл олардың бизнесіне жаңа серпін беретініне және сайып келгенде моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететініне сенімдімін", - деді Halyk Bank басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәурен Сартаев.
Айтпақшы, моноқалаларды жандандыруда сәтті мысал ретінде Текелі мен Саранды айта аламыз. Сарапшылардың болжамынша, жақын арада Екібастұз қаласы да осы тізімге қосылады. Себебі мұнда қазір шағын бизнес белсенді түрде дамып келеді. Бәлкім, осы тұста Halyk-тың жеңілдетілген несие беру бағдарламасы да маңызды рөл атқарар.
*2023 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған № 1.2.47/230/38/1 лицензиясы