Әнші The Limba өзіне ұнамайтын қыздар туралы айтамын деп көпшіліктің сынына қалды
The Limba лақап атымен танылған әнші Мұхаметәлі Ахметжанов өзіне ұнамайтын қыздардағы "ред флагтарды" айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://go.zvuk.com/stars/the-limba.htm
Өнер иесінің YouTube-тағы VSRAP подкастының шығарылымында айтқан пікірі желіде қызу талқыланып жатыр.
The Limba үшін "қызыл жалаушалар" (ред флаг) мыналар:
- Былтыры үлкен болса;
- Ұлтын нақты айта алмайтын қыздар. Егер біреу "Қай ұлтсың?" деп сұраса, "Ой, менде бәрі аралас" деп жауап беретіндер оған күмәнді көрінеді. Ол мұны адамның өз болмысын толық түсінбеуімен байланыстырды.
- Музыкалық талғамын нақты сипаттай алмайтын қыздар. Егер "Қандай ән тыңдайсың?" деген сұраққа "Мен меломанмын" деп жауап берсе, бұл да The Limba үшін "қызыл жалауша".
- Анасын тек мақтайтын қыздар. Егер "Шешең қандай тамақты нашар дайындайды?" десе, "Менің анам бәрін дәмді пісіреді" деп жауап беруі оған жаттанды жауап болып көрінеді екен.
The Limba бұл жауаптардың бәрі оған "клише" сияқты естілетінін айтты. Бірақ оның пікірлері подкаст қатысушылары мен көрермендердің арасында пікірталас тудырды.
“Өзіне “ред флагтың” не екенін түсіндіру керек”, “Айтып отырғандары қарым-қатынас құруға қандай кедергі келтіреді”, “Лимбидың пікірі орынсыз деп ойлаймын”, – деп жазды көпшілік.
Талқылау