Енді ArtSport платформасына біреудің атынан кіргендер жасанды интеллектпен анықталып, жауапкершілікке тартылады
ArtSport платформасында үшінші тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануын анықтайтын жасанды интеллект функциялары іске қосылады. Сол арқылы платформаға біреудің атынан кіргендер бірден анықталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Биыл 13 наурыздан бастап қазақстандықтардың бөтен адамның ЭЦҚ пайдаланғаны үшін жауапкершілігін қатаңдату "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" заңының жаңа нормалары күшіне енді.
“Сондай-ақ, 2025 жылдың 19 наурызынан бастап ArtSport платформасында үшінші тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануын анықтауға бағытталған жасанды интеллект функциялары іске қосылатынын хабарлаймыз. Құрылған тізімдер деректерді одан әрі тексеру үшін цифрландыру саласындағы уәкілетті органға ұсынылады”, – делінген хабарламада.
Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін басқа тұлғаларға заңсыз бергені үшін жауапкершілік 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Талқылау