"Компьютерлік ойындар – харам": ҚМДБ ораза кезінде тыйым салынған дүниелерді айтты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ораза кезінде не істемеу керегін жеткізді. Айтуынша, ойындар харам. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Діни қызметкерлер өкілдерінің айтуынша, қасиетті Рамазан айында ойындар мен басқа да құмар ойындарға уақыт бөлуге болмайды.
“Қасиетті рамазан айынде су мен астан ғана емес, барлық жаман әдеттерден арылу керек. 30 күн бойы өзіңді тәрбиелеуің керек”, – деді Наурызбай Қажы Тағанұлы.
Еске салсақ, бұған дейін Бас мүфти ауызашарды "ифтар" деп емес, қазақша атауға шақырған еді. Оның айтуынша, жамағат діни терминдерді бұрмаламай, қазақша айтуы керек.
Рамазан айы биыл 1 наурызда басталып, 29 наурызда аяқталады. Ал Ораза айт 30 наурызда басталады. Наурыз айының 26-сынан 27-сіне қараған түн – қасиетті Қадір түні.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"