БҰҰ Ассамблеясында Қазақстан Ресейге қарсы қарарға дауыс берген жоқ
БҰҰ Бас ассамблеясы Украина бойынша Ресейге қарсы қаулы қабылдады. Мұнда соғысты тоқтату талап етілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Бұған дауыс беру нәтижелері дәлел бола алады. 93 ел дауыс берді. Олардың арасында 18-і қарсы болды.
Ал 65 ел дауыс беруден бас тартты. Соның ішінде еліміз Қазақстан да бар.
Қарар "деэскалацияға, Украинаға қарсы соғыс қимылдарын тез арада тоқтып, бейбіт жолмен шешуге" шақырды. Ресей Федерациясына Украина аумағынан барлық әскерлерін дереу, толық алып тастау және қимылдарын тоқтату талап етіледі.

Фото: БҰҰ
"Бұл – АҚШ-қа қарсы революция немесе айлакер Дональд Трамптың ойыны. Көбіне екіншісіне келеді", – деп жазды "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің қолданушысы.
Еске салсақ, Трамп Зеленскийді "диктатор" деп атап, елін сақтап қалғысы келсе тез соғысты тоқтатуды талап етті.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан үкіметі қазақстандық кәсіпкерлерге берген уәдесін неге орындамады?
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр