Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде автобус жүргізушісі жол ақысын төлемеген оқушыға еден жуғызған

Ақтөбеде автобус жүргізушісі жол ақысының орнына балаға еден жуғызған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Ақтөбелік тұрғын баласына автобус еденін жуғызғанын айтып, полицияға шағым түсірді. 

Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы 27 қаңтар күні баласының үйге кеш келгенін, жолақысын төлемеген соң автобус жүргізушісі оған еденді жуғызғанын айтып көмек сұрады. Осы оқиғадан соң полицияға да арыз түсірген. 

"Полицияға арыз түсті. Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүріп жатыр", – деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Осы ақпараттан соң оқу-ағарту министрлігіне қарасты балалардың құқықтарын қорғау комитеті мән-жайды бақылауға алғанын хабарлады. 


"Басқаларға үлгі болсын": Автобус жүргузішісінің арбадағы адамға көмектескен әрекеті алматылықтарды сүйсіндірді


"Ақтөбеде автобус жүргізушісі жолақысы үшін мектеп оқушысын еден жууға мәжбүрлеген оқиғаны үзілді-кесілді айыптайды. Бала құқықтарының мұндай өрескел бұзылуына жол беруге болмайды. Комитет бұл әрекетті заңға қайшы деп санайды. Комитет оқиғаға құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураның араласуын, сондай-ақ уақтылы шара қолданбаған қала әкімшілігінің әрекетсіздігі бойынша тергеу жүргізуді талап етеді. Біз кінәлілерге қатысты тиісті шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтіп, қоғамдық көліктерде балалардың құқықтарын сақтауды қатаң бақылауды күшейтуге шақырамыз", – деп хабарлады балалардың құқықтарын қорғау комитеті. 

Еске салсақ, осыған дейін Атырауда автобусқа мінбек болған әйел қолын сындырып алғанын жазғанбыз.

Талқылау