Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"5 келіден артық сатылмайды": Елордада сауда нүктесінде картоп сатуға шектеу енгізілді

Астанада танымал сауда желісінің супермаркеттерінде картопты 5 келіден артық сатуға шектеу енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Tengrinews.kz

Елорданың супермаркеттерінің бірінде картопқа байланысты хабарландыру пайда бола бастаған. Онда бір адамға бірінші сортты картопты тек 5 келіден артық сатылмайтыны көрсетілген.

Астана әкімдігі мен сауда және интеграция министрлігі оқиғаға пікір білдірді. Елорданың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы қалада картоп тапшылығы жоқ екенін жеткізді.

Өнім қаланың сауда желілері мен базарларының сөрелерінде жеткілікті көлемде ұсынылған екен. Ал ведомство оның қорлары уақытылы толықтырылып отыратынын жеткізді.



"Small және Spar желілерінде өнімді көтерме бағада сатып алуды болдырмау үшін картопты сатуға уақытша шектеу енгізілді. Мұнда бір адамға 5 келіден артық сатылмайды", – деп жауап берді басқарма.

Сондай-ақ сауда министрлігі елордада, жалпы Қазақстан бойынша картоп тапшылығы жоқ екенін растады.

Еске салсақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі картоп бағасының қымбаттауына кім кінәлі екенін айтқан еді. 

Талқылау