"Ақшаға таласып қалыпты": Әнші Сырым Исабаев Қайрат Нұртаспен қарым-қатынасы туралы айтты
Қазақстандық әнші Сырым Исабаев Қайрат Нұртаспен қандай қарым-қатынаста екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ашық дереккөз
Сырым Исабаев көпшілік көкейінде жүрген сұраққа "1001 түн" бағдарламасында жауап берді. Ол бүгінде Қайрат екеуіне қатысты айтылып жатқан қауесеттерді жоққа шығарды.
“Қайрат екеумізге айтылған әңгіменің бәрі жалған. "Ренжісіп қалыпты, ақшаға таласыпты" деген сөздердің бәрі өсек. Мен 10 жылға жуық өнерден кетсем де, өнердегі достарымды сақтап қалдым. Қайрат та жеке әнші болып танылды. Мен де ән айтып жүріп, Қайраттың анасының көзіне түсемін. Сондай кезде дуэт жазу идеясы ойға келеді. Бір жыл ішінде бірнеше ән жазып, бейнебаян түсірдік. Біздің дуэтімізге менің әкем демеуші, Қайраттың анасы продюсерлік етті. Жобаларымыздың бәрі халықтың көңілінен шықты. Қайраттың таланты керемет. Қанша жыл сахнада жүр, әлі де берері көп азамат. Қайратпен жұмыс істеу өте жеңіл болды", - деді ол.
Бұған дейін әнші Сырым Исабаевтың 10 жылдан кейін сахнаға оралғанын жазған едік.