Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұрқасын, боран, көктайғақ": Синоптиктер алдағы күндері елімізде қандай ауа райы болжанғанын жариялады

Қазгидромет еліміз бойынша 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағына тағы да солтүстік-батыс циклоны әсер етпек. Салдарынан елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ болады. Республиканың солтүстік жартысында бұрқасын, боран болжанып отыр.

Тек 21 қарашаға қарай республиканың батыс және солтүстік-батыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша тұман мен екпінді жел болады.



Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанбады.

Талқылау