Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Банкаралық QR төлем: Алғашқы транзакцияны Bank RBK жүзеге асырды

15 қарашада Алматыда Ұлттық валюта күніне орайластырылған қаржыгерлер конгресінде ел нарығында көпшілік асыға күткен шешімдердің бірі – банкаралық QR төлемдер таныстырылды. Ал төлемді алғаш жүзеге асырған Bank RBK болды.

Банкаралық QR енгізу жөніндегі пилоттық жобаны Қазақстан Ұлттық банкінің Ұлттық төлем корпорациясы екінші деңгейлі банктермен бірлесіп іске асырып жатыр. Банкаралық QR сатып алушының телефонындағы қосымшаның қай банктікі екеніне қарамастан төлем жасауға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, сатушының кассасында қандай терминал тұрғаны маңызды болмайды. Себебі енді QR кез келген мобильді банкингпен төленеді.

Бұл шешім шағын және орта бизнес өкілдеріне бірнеше терминалдарды сатып алу қажеттігін жойып, жұмыс процесін жеңілдетеді. Онлайн бизнесті дамытуды ынталандырады. Банктер үшін банкаралық QR код төлемдерді өңдеу шығынын азайтып, өзара байланыс процесін жеңілдетеді. Ал реттеуші үшін нарықты стандарттауға және банкаралық байланысты жақсартуға мүмкіндік береді.

Жаңа интероперабельді банкаралық QR кодпен алғашқы демонстрациялық төлем Bank RBK мобильді қосымшасы мен басқа қаржы институтының төлем терминалы арқылы жүзеге асырылды.

Рәсімге қатысқан Bank RBK басқарма төрағасының орынбасары Әлия Есмұқанованың айтуынша, бұл жобаны іске қосу Қазақстанның банктік төлемдер саласындағы жаңа дәуірге көшкенін білдіреді.

“Біз бұл жобаның бастамашыларының бірі болғанымызға өте қуаныштымыз. Бұл клиенттеріміздің пайдалану тәжірибесін ыңғайлы әрі мінсіз етеді. Қазақстандағы банк қызметін қолданатындарға банкаралық QR төлемдер жобасы беретін ыңғайлылық пен қаржылық еркіндік ұнайтынына сенімдіміз”, –деп түсіндірді Әлия Есмұқанова.

Ол сондай-ақ Ұлттық Банктің Ұлттық төлем корпорациясымен болған ынтымақтастықты ерекше атап өтті. Айтуынша, банк қысқа уақытта барлық техникалық параметрлерді келістіріп, жобаны пилоттық режимде қосуды, тәжірибеден өткізуді және іске асыруды ұйымдастырған.

Банкаралық QR-ді толық көлемде іске қосуды тек банк қызметтерін пайдаланушылар ғана емес, сонымен қатар өз бизнесін дамытқысы келетін кәсіпкерлер де қолдана алады.

“Банкаралық QR төлемдер пайдаланушылар мен бизнеске қаржылық операцияларды жүргізу үшін ыңғайлы әрі бірыңғай шешім ұсынады. Барлық банкаралық өзара іс-қимылдарды стандарттауға мүмкіндік береді. Жоба шағын және орта бизнес өкілдеріне айтарлықтай пайда әкеледі. Кәсіпкерлер QR төлемдермен төлем қабылдауда қызмет көрсететін банктерді таңдауға көбірек мүмкіндік алады. Саудагерлер банктер ұсынатын ең тиімді шарттарға, соның ішінде комиссиялардың мөлшеріне назар аудара алады. Одан бөлек, енді кассаға түрлі банктердің терминалдарын алу қажет болмайды”, – деп атап өтті Қазақстанның ұлттық төлем корпорациясының басқарма төрағасы Жанар Самаева.

Ол сондай-ақ Bank RBK-ға жоба бойынша жедел әрі тиімді әрекет еткені үшін ризашылығын білдірді.

Банкаралық QR төлемінде деректердің қауіпсіздігі де қамтамасыз етілген. Мұнда төлемдерді аутентификациялауда криптографиялық қорғау мен электронды цифрлық қолтаңба енгізілді. Қауіптерді тұрақты бақылау үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланылады. Сонымен қатар алаяқтықты анықтау үшін антифрод орталығымен интеграция жасалды.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 05.04.2021 жылы берген №1.2.100/245/41 лицензиясы

Талқылау