Шетелге кеткен қазақстандықтар бұдан былай МӘМС арқылы дәрі-дәрмек ала алмайды
Денсаулық сақтау министрлігі шетелде тұрақты тұруға кеткен азаматтарға МӘМС бойынша дәрі-дәрмектерді рәсімдеуге шектеу қоймақ. Ол үшін министрлік ақпараттық жүйені жетілдірмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекеттік аудиттің мәліметінше, мұндай жағдайлар осы жазда әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен оның өңірлік филиалдарының тиімділігін бағалау барысында анықталған. Осыған байланысты жоғары аудиторлық палата Денсаулық сақтау министрлігіне шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
"Бүгінде жүйе шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтар туралы ақпаратты "жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан автоматты түде шығарады. Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде биыл 24 қазаннан бастап осы мәртебесі бар пациенттерге рецепт беру және қамтамасыз ету тоқтатылды", – делінген хабарламада.
Осылайша, жоғары аудиторлық Палатаның нұсқамасының бір тармағы орындалды.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен