Байқоңырда Франция мен Германия азаматтары ұсталды
Байқоңырда зымыран тасығышты суретке түсірмек болған Франция мен Германия азаматтары ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Shot порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұсталғандар "Энергия" зымыран тасығышын телефонға түсіруге тырысқан.
"Зымыран тасығыштың жанында смартфондарымен суретке түсіруге дайындалып тұрған екі адамды тәртіп сақшылары байқап қалған. Шетелдіктер өздерінің турист екенін, аңызға айналған Байқоңырды тамашалауға келгенін айтқан. Сол үшін олар динамикалық сынақтар стендіне өткен", – деп жазды паблик.
21 жастағы Франция азаматы Аксель Оливьера Роберто Гуйено мен 26 жастағы Германия азаматы Джулиан Карл-Юрген Поренцке әкімшілік хаттама жасалып, ұсталды. Жақын арада олар сотқа жеткізіледі.
Еске салсақ, бұған дейін Франциядан келген турист Байқоңыр ғарыш айлағының маңында шөлдеп, көз жұмған еді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді