Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы қар: 8 әуе рейсі кейінге қалдырылды

Астанада ауа райы күрт өзгеріп, қар жауды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: nn-airport.kz

Астана халықаралық әуежайы қолайсыз ауа райының әуежай жұмысына әсер етіп, біренше рейстің кейінге шегерілгенін мәлімдеді. Әуежайының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір 8 рейс – 3 ұшып кету, 5 ұшып келу рейсі кейінге шегерілген. 

Онлайн таблоға сүйенсек, Астанаға Петропавл, Семей, Ақтөбе, Алматы және Қостанайдан ұшатын рейстер кешігіп келеді. Ал ұшып кету рейстері бойынша Алматы, Новосибирск және Қытайдың Санья қаласына ұшатын рейстер кешігеді. 

"Астана халықаралық әуежайы қолайсыз ауа райы жағдайында үздіксіз жұмыс істеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Өндірістік қызмет пен әуежай басшылығының қатысуымен инфрақұрылымды күтіп ұстау шаралары, сондай-ақ жабдықтарды тексеру жүргізілді", – делінген әуежай хабарламасында. 

Еске сласақ, бұған дейін Астана-Көкшетау тас жолының жабылуына байланысты жолда қалған 600 жолаушы пойызбен эвакуацияланатыны туралы жазған едік. 

Талқылау