Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біреу мемлекетке қарсы әрекет етіп жатқандай": Саясаттанушы Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйінің өртенуіне қатысты пікір білдірді

Алматы облысындағы Талғарда қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың үйінің өртенуіне қатысты саясаттанушы Ғазиз Әбішев пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: kursiv.media

Саясаттанушының сөзінше, біреу мемлекетке қарсы шығып жатқандай. 

“Біреу қазақ мемлекетіне қарсы әрекет жасап жатқан сияқты. Олар “Мемлекет, сен өздігіңнен ештеңе емес екеніңді, ешкімге құрмет көрсетпейтініңді, заң мен тәртіпті сақтай алмайтыныңды және бөлшектеніп бара жатқаныңды біз білеміз” деп айтқысы келетін секілді”, – деді саясаттанушы. 

Саясаттанушының айтуынша, марқұмның отбасының үйінің өртенуі – алаңдаушылық туғызатын жағдай. Оның пайымдауынша, ертең мұндай оқиғалар мемлекеттік қызметкерлерге – судьяларға, құқық қорғау қызметкерлеріне және шенеуніктерге әсер етуі мүмкін.

Оның ойынша, Талғар маңындағы оқиғалар мемлекеттің өміршеңдігіне қатысты мәселені көтереді. 

Айта кетейік, бұған дейін 12 қазанда Алматы облысы, Талғар қаласында бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірімнің үйі сенбіге қараған түні өртеніп кеткені хабарланған еді.

Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Кейіннен жағдайдың мән-жайы анықталды. Жанжал жасөспірімнің отбасы жұмыс істейтін дүкенде басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Осыдан кейін төбелес басталған. Прокуратура жеті күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады.

Талқылау