Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан әлемде жинақталған алтын қоры бойынша 20 елдің қатарына кірді

Әлемде алтын қорының көлемі бойынша АҚШ алғашқы орынға шықты. Қазақстан 2013 жылдан 2023 жылға дейін алтын қорын толықтыру бойынша әлемде жетінші орынға шықса да, алтын көлемі бойынша ондыққа енбеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ұлттық банктің алтын қоры 151 тоннаға өсті. Ал Ресей 1298 тоннамен көш бастап тұр. Бұл ретте Қазақстан ең көп алтын қоры бар елдердің ондығына кірген жоқ

Алтын қорының 10 жылдағы өсімі бойынша екінші орынды Қытай (1181 тонна), үшінші орынды Түркия (424 тонна) иеленді. Одан кейінгі орындарға сәйкесінше 256, 246 және 154 тоннамен Польша, Үндістан және Өзбекстан жайғасты. Алғашқы ондықтағы соңғы орындарды Сингапур (103 тонна), Ирак (100 тонна) және Тайланд (92 тонна) иеленді.

Дүниежүзілік алтын кеңесінің, орталық банктердің, Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) және АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің мәліметінше, қазір алтынға деген сұраныс бұрынғыдан да күшті. Мұны 2023 жылы 1037 тонна болған дүниежүзілік сатып алулардан байқауға болады. Бұл жалпы көлемі 1082 тонна болған 2022 жылғы рекордтық көрсеткіштен кейінгі екінші нәтиже болды.

2024 жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша әлемдегі ең көп алтын қоры бар он ел анықталды: 

  • АҚШ – 8,13 мың тонна (алтын-валюта қорының жалпы көлеміндегі бағалы металдың үлесі 72,4%);
  • Германия – 3,35 мың тонна (алтын мен шетелдік қордағы алтынның үлесі – 71,5%);
  • Италия – 2,45 мың тонна (алтын үлесі – 68,3%);
  • Франция – 2,44 мың тонна (алтын үлесі – 69,9%);
  • Ресей – 2,34 мың тонна (алтын үлесі – 29,5%);
  • Қытай – 2,26 мың тонна (алтын үлесі – 4,9%);
  • Швейцария – 1,04 мың тонна (алтын үлесі – 8,8%);
  • Жапония – 0,85 мың тонна (алтын үлесі – 5,15%);
  • Үндістан – 0,84 мың тонна (алтын үлесі – 9,6%);
  • Нидерланды – 0,61 мың тонна (алтын үлесі – 61,6%).

Жалпы көлемі 0,29 мың тонна алтын қоры бар Қазақстан әлемде 20-орынды иеленді. Шілде айының соңында Қазақстан Ұлттық банкі алтын қорын азайтқан әлемдегі жалғыз реттеуші болды. Қазақстанның алтын қоры 4 тоннаға азайды.

Шілдеде Ұлттық банктің алтын қорының қысқаруы (4 тонна) көктемгі өсімнен кейін орын алды. Сәуірде ол 6 тонна болды (әлемдік 33 тоннадан). Маусым айында Қазақстанның Ұлттық банкі шілде айындағыдан да көп (6 тонна) алтын сатты.

Қыркүйек айының соңында алтынның әлемдік бағасы тарихта алғаш рет бір унция үшін 2,7 мың долларға жетті. 2025 жылдың басына қарай ол 2,9 мың долларға дейін өседі деген болжам бар. Қазір алтынның 1 унциясы 2672 доллар тұрады. Өсу факторлары Федералды резервтік жүйенің пайыздық мөлшерлемесін төмендетуді және дамушы елдердің орталық банктерінің бағалы металды белсенді сатып алуын қамтуы мүмкін.

Талқылау