Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық келіншек жаңа туған сәбилерін перзентханада екі рет белгісіз ерлі-зайыптыларға сатқан

Алматы мен қарағандылық екі ерлі-зайыпты, бір медицина қызметкері және жаңа туған нәрестелердің биологиялық анасы бала саудалады деп айыпталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Патриот Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Патриот 

Қарағанды облысының тұрғыны Шахтинский перзентханасында қызын дүниеге әкелген. Оның бұл сәбиден бөлек үш баласы бар. Ал төртіншісі жоспармен дүниеге келмеген соң, сатпақ болған.

Келіншек нәрестесін сататынын медбикеге айтқан. Мұны перзентхана қызметкері Алматыға жаңадан көшіп келген астаналық ерлі-зайыптыларға жеткізген. Олардың баланы қандай жағдайда асырап алғаны белгісіз.

Екі жылдан кейін сол келіншек тағы да перзентханаға босануға келіп, баласын басқа жұбайларға берген. Ол медбикеден болжам бойынша ауылға қайтуы үшін 10 мың теңге алған. 

Құқық қорғау органдары жағдайды анықтап, Қылмыстық кодекстің 135-бабы "Кәмелетке толмағандарды саудалау" бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта екі сәби балалар үйіне жеткізілген. Дегенмен олар патронаттық аналарын өз анасы деп санайды.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде жаңа туған сәбилерді асырап алуға көмектесемін деп алдаған алаяқ сотталған еді. 

Талқылау