Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа Алатау қаласының шекарасы бекітілді

Алматы облысындағы жаңа Алатау қаласының шекарасы белгіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Мәслихаттың бірлескен шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі "Алматы облысындағы Алатау қаласының шекараларын бекіту туралы" қаулысы қабылданды.

"Алатау қаласының шекарасы, оның ішінде Қонаев қаласы, Іле және Талғар аудандары жерлерінің бөліктерін қоса отырып, жалпы ауданы 88 мың гектар шекарасы белгіленсін", – делінген құжатта.


Алматы облысында құрылған жаңа қалада екі миллион адам тұратын болады


Атап айтқанда, Алатау қаласының шекарасына Қонаев қаласының 10 962 га, Іле ауданының 64 985 га, Талғар ауданынының 12 053 га жері кірді. 

Құжат 2024 жылғы 12 қазанда күшіне енеді.

Еске салсақ, бұған дейін президенттің Алматы облысында жаңа қала құру туралы бұйрыққа қол қойғаны туралы жазған едік. 

Талқылау