Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 672 миллион теңге айыппұл төлегені туралы жалған құжат жасаған алаяқ түрмеге тоғытылды

Астанада сот үкімімен 672 миллион теңге айыппұл салынған азамат пара арқылы уәкілетті органға айыппұлды толық өтеді деген жалған құжат тапсырған.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

параФото: iStock

Астана қаласының прокуратурасының мәліметінше 2018 жылы сот үкімімен пара берушіге 672 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Алайда кейін уәкілетті орган пара алу арқылы бұл үкімнің орындалғанын көрсететін жалған құжатты қабылдамақ болған.

“Қылмыстық жазадан жалтару схемасы әшкере болды. Алаяқтық және лауазымды тұлғаға аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық тергеуді аяқтады.

Жазадан жалтару үшін пара беруші уәкілетті органға айыппұлды толық төлегені туралы жалған құжат ұсынған. Қалалық прокуратура бұл қылмыстық деректі дер кезінде анықтап, сотталғанның жазасы айыппұлдан 10 жыл бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Тергеп-тексеру барысында сотталушының миллиондаған айыппұл төлеуден жалтаруға көмектескен тұлға ұсталды”, – делінген хабарламада. 

Алқабилердің қатысуымен шыққан сот үкімімен кінәлі тұлға аса ірі мөлшерде алаяқтық және лауазымды тұлғаға аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу жасағаны үшін жаазаланды. Оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды және 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Талқылау