Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда бір жасар сиам егіздерін ажырату операциясы сәтті өтті

Түркияда бір жасар пәкістандық сиам егіздері Манал мен Мирханы ажырату отасы сәтті аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Ankara Bilkent City Hospital

14 сағатқа созылған күрделі отаны британдық дәрігер Нур ул Овасе Джилани жасаған. Дәрігердің сиам егіздерін бөлуде үлкен тәжірибесі бар. Ол 2022 жылы Бразилияда үш жасар ұлдарға, 2021 жылы Израильде бір жасар қыздарға, 2019 жылы Пәкістанда екі жасар қыздарға сәтті ота жасаған.

Егіздердің толық бөлінуі үшін үш ай ішінде екі хирургиялық кезең қажет болған, өйткені қыздардың өмірлік маңызды қан тамырлары мен ми тіндерін ортақ болған.

Ота кезінде дәрігерлер 3D кескіндерді физикалық әлеммен біріктіретін және дәлдікті жақсарту үшін қолданылатын аралас шындық технологиясын қолданған.

"Бұл технология біздің көптеген күнделікті оталарымызды қауіпсіз, әрі тиімдірек етеді. Қыздар мен олардың отбасыларына тәуелсіз өмір сүруін, бақытты балалық шақ пен жаңа болашақ сыйлау – үлкен мәртебе", – дейді дәрігер Джилани.

Талқылау