Ақтөбеде топтық төбелесте досын абайсызда пышақтап өлтірген жігітке үкім шықты
Ақтөбеде топтық төбелес кезінде пышақ жарақатынан көз жұмған жігітке қатысты сот отырысы өтті. Абайсызда кісі өлтіру бабымен марқұмның досы сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтөбе қаласының №2 сотының мәліметінше, жаппай төбелес 2024 жылдың қаңтар айында болған. Сол күні сотталушы өзінің таныстарымен басқа елді мекеннен келген жастармен кездесуге барған.
"Кездесу топтық төбелеске ұласып, сотталушы пышақ жарақатын алған. Ол құлап, кейін жерде жатқан пышақты алып, өзін қорғай бастаған. Сол кезде соққысы кездейсоқ досына тиіп, ол қылмыс орнында қаза тапты", – делінген хабарламада.
Жігіт абайсызда өлтіру бойынша айыпталды. Сотта ол өзінің кінәсін толық мойындады.
Сот үкімімен сотталушыға бір жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің пайдасына 6 миллион теңге моральдық зиян және 800 мың теңге өкілдік шығындар өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"