Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйелдің өзгерісі желідегілерді таңғалдырды (видео)

Сұлулық салоны желісінің әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық әйелдің видеосы жарияланды. Әйелдің өзгерісі желі қолданушыларын таңдандырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан алынған/mamacita_astana

Аталмыш сұлулық салоны өзінің “Трансформация.kz” жобасы аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі әйелдердің тегін күтім жасатуына мүмкіндік береді. Жоба кейіпкерлеріне косметологтар, шаштараздар мен дизайнерлер өз қызметтерін ұсынады. 

Жобаның соңғы кейіпкері – Астанада қаланы абаттандырумен айналысатын көпбалалы ана Алина. 32 жастағы әйел 17 жасында өз еркінен тыс тұрмысқа шыққан екен. Қазір төрт баланың анасы.

Сұлулық салонының қызметкерлері Алинаны гүлзарда жұмыс істеп жатқан жерінде байқап, ұсыныс жасаған. Алғашында әйел барлық ұсыныстан бас тартқан. Алайда кейін қызметкерлер әйелдердің қалай өзгеретіні туралы видеоларды көрсеткеннен кейін Алина келісім берген. Макияж, шаш бояу және сәнді киіммен қоса әйелге стоматологиялық клиникада тегін тіс емдетуге де мүмкіндік берілді. 

"Өте өкінішті жағдай. Күнделікті тұрмыс пен отбасы құртқан әйелдер қаншама?!”, “Жұмыстан жіберген бастықтың реакциясын көргім келеді”, “Оған жаңа өмір сыйладыңыздар”, “Қыздар сіздер кереметсіздер, өзім өзгергендей сезімде болдым", – делінген видео астындағы пікірлерде.

Алина да өзінде өзгеріске дән риза екенін білдірді. Қуантарлық нәтиже – сұлулық салоны стилистерінің басты мақтауы. Сұлулық салоны барлық процедура тегін жүргізілгенін атап өтті.

Талқылау