Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуе компаниясы алғаш рет басқарма мүшелеріне берілген сыйақы көлемін жариялады

Air Astana әуе компаниясы 2023 жылы сыйақы ретінде басқарма мүшелеріне 404,7 миллион теңге төлеген. Компания бұл ақпаратты 2024 жылдың ақпанында жүргізілген листингтен кейін алғаш рет жариялап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: frankmedia.ru

KASE биржасының мәліметінше, атқарушы орган мүшелерінің жалақысы мен сыйақысын қамтитын сыйақы мөлшері өткен жылдағы таза пайданың 1,3%-ын (30,7 миллиард теңге) құрады.

Басқармада қазір сегіз адам бар. Олар:

  1. Әуе компаниясының басшысы – Питер Фостер;
  2. Қаржы директоры – Ибрагим Джанлыел;
  3. Өндіріс директоры – Филиппос Сиаккас;
  4. Қауіпсіздік стандарттары жөніндегі директоры – Герхард Коэтци;
  5. Адам ресурстары жөніндегі директоры – Евгения Ни;
  6. Үкіметпен байланыс жөніндегі директоры – Ердәулет Шәмшиев;
  7. Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі вице-президенті – Белла Тормышева;
  8. Fly Arystan басшысы (Эйр Астананың еншілес компаниясы) – Адриан Хэмильтон-Маннс.

Алайда олардың барлығының өткен жылы атқарушы орган құрамында болғаны, я болмағаны белгісіз.

"Эйр Астананың" жылдық есебінде тәуелсіз директорлар мен атқарушы орган өкілдеріне берілген сыйақының жалпы сомасы $1,2 миллион (Ұлттық банктің 2023 жылғы орташа бағамы бойынша 524,8 миллион теңге) болғаны көрсетілген. Осылайша, тәуелсіз директорлар 120,1 миллион теңге алған. Қазіргі уақытта бұл қызметте бес адам бар. Олар, Елдар Абдразаков, Хэкман Джанет, Кит Гэбел, Гарри Кингшотт және Дияс Асанов.

Сондай-ақ құжатта жоспарлауға жауапты басшыларға берілген сыйақы (осында басшылық пен директорлар кеңесінің барлық мүшелері болуы мүмкін) мөлшері 3,3 миллиард теңге екені көрсетілген. Бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 10%-ға көп. Мәліметке сәйкес, бұл көрсеткіш 2021 жылы 2,5 миллиард теңге болған. Аталған қомақты қаржы топтың қызметін бақылау және жоспарлау мәселелерінде өкілеттігі мен жауапкершілігі бар басшыларға төленген. Оған қызметкерлер шығыны құрамында көрсетілген жалақы мен сыйақылар кіретіні түсіндірілді.

Қызметкерлерге төленген сыйақы мөлшері 2023 жылы – 283,2 миллион теңге, 2022 жылы – 1 миллиард теңге, 2021 жылы – 701,6 миллион теңге болған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,7 есеге азайған. 2023 жылға арналған есептер басқа нәтижелерді көрсетеді.

KASE биржасының мәліметінше, өндіріс қызметкерінің жалақысы 51,8 миллиард теңге (2022 жылмен салыстырғанда төрт есе көп), әкімшілік қызметкерлердікі – 11,5 миллиард теңге (төрт есе көп), сату қызметкерлерінің айлығы – 3,7 миллиард теңге  (19,3%-ға көп) болған. Жұмысшылардың орташа саны 2023 жылы 5,5 мың адам, 2022 жылы – 5 мың адамнан тұрған.

Air Astana әуе компаниялар тобы (оның ішінде осы аттас тасымалдаушы мен FlyArystan әуе компаниясы) 2023 жылдың аяғындағы таза кірісін 21,5%-ға арттырып, 68,7 миллион ​​долларға дейін жеткізді. Теңгеге шаққанда таза пайда 18,2%-ға, яғни 30,7 миллиард теңгеге дейін төмендеді.

Соның арқасында көрші елден, соның ішінде Қазақстан арқылы шетелге шығатын жолаушылар легі күрт артқан. Өткен жылы бұл қосымша 16,2 миллион доллар әкелген. Оларды ескерсек компанияның таза пайдасы 12,4%-ға төмендеген. Өйткені 2022 жылы бұл көрсеткіш 78,4 миллион доллар болған.

Ақпанда "Эйр Астана" 2011 жылдан бері күткен IPO-ны аяқтады. Листингтің нәтижесінде ол 120 миллион доллар жинады.  Акционерлердің қолда бар акцияларын сатуын ескерсек, жалпы сома 370 миллион доллар болды. 

Орналастыруға Бірыңғай зейнетақы қорынан зейнетақы ақшасы да салынды. Ұлттық банк басқаратын 24 миллиард теңге, Halyk Finance – 348 миллион теңге, Jusan Invest – 128 миллион теңге, BCC Invest – 95 миллион теңге, Halyk Marker Global – 70 миллион теңге.

Одан кейін акцияны нарыққа орналастыру құны – 1 073,83 теңге болды. Сауданың алғашқы күндерінде ол 1 200 теңгеге дейін көтерілді. Содан кейін біртіндеп төмендей бастады. KASE биржасының мәліметінше, 15 ақпаннан бастап бүгінге дейін "Эйр Астана" акцияларының бағасы үштен бірге арзандады.

29 тамызда авиакомпанияның бағалы қағаздары 822 теңгемен сатылды. Акция бағасының төмендеуіне қарамастан, инвестициялық менеджерлер мен Ұлттық банк басшысы олардың бағасының көтерілуін күтіп отыр. 

Талқылау