"Бишімбаев ұстау изоляторында еркін жүріп-тұрған": Ішкі істер министрлігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) төрағасының орынбасары Жәнібек Баймағанбетов тергеу изоляторында жүрген Қуандық Бишімбаев туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото Жоғарғы сот
Мұндай ақпарат Ұлттық экономика экс-министрінің сот процесі кезінде БАҚ-та пайда болған еді.
"Сот процесі аясында Бишімбаевтың ұстау изоляторында еркін жүріп-тұрғаны туралы жаңалық пайда болды. Алайда бұл мәселеге қатысты ақпаратты растамаймыз. Бейнекамераларды қолдану арқылы мұндай факт болмағанын нақты теріске шығардық", - деді Баймағанбетов.
Еске салсақ, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың жазасын қайда өтейтіні, түрмеде немен айналысатыны айтылған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"