"Барлық тапсырысты бір күнде жеткізеді": Қазақстандық Teez маркетплейсі команданың тағы бір негізін қалаушысын таныстырды
Тегін жеткізу қызметі бар жаңа қазақстандық маркетплейс Teez команданың тағы бір негізін қалаушысымен таныстырды. Аталған жобаның негізгі бастамашыларының бірі — Ерлан Исекешев.

Ерлан Исекешев – мамандығы бойынша инженер. Оның технологиялық, қаржы секторынан бөлек, әртүрлі салаларда ірі жобаларды басқаруда 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Қаржыландырған стартаптарының портфолиосы 11 жобаны қамтиды.
2020 жылы Ерлан Clever маркетплейсін құруға атсалысып, инвестиция жасады. Ал 2022 жылы қазақстандық ТypiРay финтех-стартапын қаржыландырды.

Ерлан қазақстандық жас кәсіпкерлерді қолдауға, стартап-экожүйені дамытуға көп көңіл бөледі. Сондай-ақ қайырымдылық жұмыстарынан да тыс қалған емес. Атап айтқанда оның әлеуметтік жобаларына I. T. F. нұсқасы бойынша таэквон-до федерациясын қолдау, "Мактуб" қайырымдылық қоры, iQanat ауылдық жерлердегі дарынды балаларға арналған бағдарламаға қатысуы кіреді.

Teez – бұл 2024 жылдың тамызында іске қосылатын жаңа қазақстандық маркетплейс. Оның ең басты артықшылығы – барлық тапсырысты бір күнде жеткізу. Teez – бұл әлеуметтік медиа мен электрондық коммерцияның ең жақсы элементтерін біріктіретін бірегей платформа. Ол пайдаланушыларға бір кеңістікте сатып алу мен өзара байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Жобаның негізін қалаушылар бұрын Clever өнімдерді жеткізу сервисінде бірлесіп жұмыс істеген Ерлан Исекешев пен Долорес Пішембаева. Олармен бірге Teez-ді құрудағы бастаманы қолдаған KazanExpress-тің (қазір Магнит маркет) бұрынғы негізін қалаушы, Uzum Market-тің бұрынғы басқарушы серіктесі Линар Хуснуллин мен KazanExpress-тің бұрынғы инвестициялық директоры Никита Еремин.

Тeez командасы өз жетістіктеріне сенеді. Ал Ерлан Исекешевтің қолдауы жобаның әлеуетті болашағын растай түскендей.
Қазақстандық маркетплейс Тeez 2024 жылы еліміздің 32 қаласында ашылады. 2025 жылдың соңына қарай 1000-ға жуық тарату пункттері, аудан орталықтарында да жұмыс істейтін болады. Маркетплейс төрт маңызды дүниені ұстанады. Олар төмен баға, премиум сервис, кең ассортимент пен Қазақстанда ешкім жасамаған, барлық тауарларды бір күнде бүкіл аумақ бойынша жеткізу. Бұл бірегей логистикалық жүйенің дамуына да мүмкіндік береді. Оның ішінде 60 000 шаршы метр қойма, жеке автопарк, жұмыс маршруттары мен жөнелту орындарын қамтиды.

Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді