Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Созылмалы аурулары бар науқастарды қабылдап, диагноз қояды": Енді Қазақстанда мейіргерлер немен айналысады

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде медициналық көмек көрсету саласына енгізілгелі отырған бірқатар өзгерістер мен шаралар туралы мәлімдеді. Дәрігерлер мен мейіргерлердің міндеттері қайта бөлінді. Нәтижесінде емханаларда мейіргерлер науқастарды өзі қабылдайды. Медицина ғылымдарының магистрі, №6 қалалық емхананың мейіргер ісін дамыту жөніндегі менеджері Ришад Тоқаев Stan.kz тілшісіне аталмыш жаңашылдық туралы және мейіргердің жұмысында қандай өзгерістер болатынын айтып берді. 

Фото: Pixabay.com

Маман бұл денсаулық сақтау саласын дамытудағы оң үрдіс деп есептейді. Айтуынша, көптеген дамыған елдерде мейіргерлердің функционалдығын кеңейту бұрыннан қолға алынған. Көптеген зерттеулер мейіргерлердің кеңейтілген функциялары арқылы тиімді жұмыс істейтіні дәлелденгенін айтады.

“Мейірбике жеке қабылдайды”

Ришад Тоқаев медициналық және мейіргерлік күтім арасындағы айырмашылықтарды түсіну маңызды екенін атап өтті.

“Дәрігердің қабылдауындағы медициналық тағайындау патологияларды диагностикалауға бағытталған. Мысалы, артериялық гипертензия немесе қант диабетін дәрі-дәрмекпен емдеп, ем тағайындайды. Ал мейіргердің жеке қабылдауы керісінше, науқастың проблемалары мен қажеттіліктерін анықтауға және әлеуметтік, психологиялық және физиологиялық аспектілерді қамтитын мейірбикелік диагноз қоюға бағытталған. Мысалы, дәрігер алдына келген науқастың диагнозын емдесе, мейіргер пациенттің мәселесін шешіп, ауруды анықтайды. Осылайша, медбике бұл мәселелерді өз деңгейінде шешеді. Мейірбикенің жеке қабылдауын енгізу кешенді тәсілі медициналық көмектің сапасын арттырады”, – дейді медицина ғылымдарының магистрі.

Бұған дейін мейіргер науқасты өз бетінше қабылдай алмайтын еді. Мейіргердің әр шешімі дәрігермен келісілген. Медициналық міндеттемелерді бөлісу орташа деңгейдегі медицина қызметкерлеріне өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Енді мейіргер дәрігер мен науқастың көмекшісі ғана емес, кез келген процедураны өз бетінше жасай алатын және командада жұмыс істей алатын маманға айналмақ. 

Тоқаевтың айтуынша, бұл жаңашылдықтың басты артықшылығы – диагностикаға бағытталған модельден тұлғаға бағытталған модельге ауысу. Бұрын дәрігерлер ауруларды консервативті немесе хирургиялық әдістермен анықтап, емдеген. Енді кеңейтілген функциялары бар мейіргерлер аурудың себептерімен (қауіп факторлары мен проблемалары) жұмыс істейді. Аурудың алдын алуға және халықтың денсаулығын нығайтуға көбірек көңіл бөлінбек. Бұл – медициналық көмек көрсетудің жаңа үлгісін енгізудің негізгі артықшылықтарының бірі.

“Ұзын-сонар кезек азаяды”

Сондай-ақ мамандардың айтуынша, динамикалық бақылаудағы науқастар бірден талдау нәтижелерімен келіп, дәрігердің де, өзінің де уақытын үнемдейді. Осылайша науқастың жеке өзіне қажет медициналық көмек көрсетіліп, сұранысқа ие мамандардың алдындағы ұзын-сонар кезек азаяды. Сонымен қатар созылмалы аурулары бар науқастарға жоспарлы қабылдаулар енгізіліп жатыр. Тексеру және диагностикаға жолдама беру – мейіргердің міндеті.

“Мейіргер пациенттер мен клиенттерге мейіргерлік көмек көрсетуге жауапты. Олар мейіргерлік тексеріс жасап, диагноз қойып және өз құзіреті аясында сараптама жұмыстарына араласады. Барлық жауапкершілік қатаң түрде олардың өкілдігінің аясында болады және нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. Айта кету керек, бұл тек “Мейіргер ісі” мамандығы бойынша жоғары білімі бар медбикелерге қатысты. Техникалық және кәсіптік білімі бар мейіргерлер дәрігерлерге көмектеседі”, – дейді 

Бұл ретте медбикелердің кәсіби біліктілігін арттыру мәселесі көтеріледі. 

“Сөзсіз, мейірбикелер кәсіби біліктілігін арттырып отырады. Сондықтан 2013 жылы білім беру саласында өзгерістер енгізілді. Бізде білім деңгейі әртүрлі мейіргерлер оқып шығады. Олардың әрқайсысы нақты дайындықтан өтуі керек. Жеке қабылдау жүргізетін медбикелер бакалавриат білімін алады және жыл сайын мейіргер ісі саласында біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. Мен осы білім беру бағдарламаларының түлегімін және 2021 жылы пилоттық режимде жеке қабылдауды бастап кеттім. Қазір Салидат Қайырбекова атындағы Клиникалық оңалту және оңалту ұлттық ғылыми орталығында “Кеңейтілген тәжірибедегі мейіргердің жеке қабылдау ерекшеліктері" бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру бойынша оқытушымын. Мұндай біліктілікті арттыру бағдарламалары алдағы уақытта да ұйымдастырылады”, – дейді Ришад Тоқаев.

Жоғары білімді мейіргерлердің міндеттеріне не кіреді?

  • Науқастардың әлеуметтік-психологиялық мәселелерін анықтау;
  • Науқастардың мәселелерін дербес немесе көп дисциплиналы топпен шешуге дайын болу;
  • Науқастарға дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектерді қабылдау туралы кеңес беру және олардың тиімділігін бақылау;
  • Диета, физикалық белсенділік және жаман әдеттерден бас тарту туралы кеңестер беру;
  • Мейірбикелік тәжірибе саласындағы заманауи стандарттарға сәйкес барлық қажет құжаттаманы дұрыс толтыру да маңызды.

Ришад Тоқаевтың айтуынша, көптеген созылмалы аурулары бар науқастар өз өкілеттігі шегінде медициналық көмек көрсететін мейіргерлердің көмегіне жиі жүгінеді. Қайталама профилактикаға баса назар аудара отырып, осы тәжірибені жетілдіру жүргізіліп жатыр. Диспансерлік есепте тұрған науқастарға медициналық көмек көрсетудің жаңа моделінде мейіргерлер отбасылық дәрігер тағайындаған тегін дәрі-дәрмектерді жазып, науқастардың жағдайын қадағалап, қажет тексерулер жүргізіп, мамандарға жібереді.

Сондай-ақ белгіленген диагнозы және тағайындалған емі бар науқастар үшін тұрақты бақылау және өзіне-өзі көмек көрсету дағдыларын үйрету маңызды. Бұл әдіс созылмалы аурулары бар науқастардың өз жай-күйін түсінуге мүмкіндік береді.

Жеке қабылдау жүргізетін жоғары білімі бар мейіргерлерге нақты міндеттер жүктеледі:

  • Мейіргерлер халықаралық стандарттарды сақтай отырып, мейіргерлік қабылдауды өз бетінше жүргізеді, алгоритмдер арқылы диагностикалық тексерулер жүргізеді және мейіргерлік диагнозды қояды;
  • №149 бұйрығына сәйкес науқастарды динамикалық бақылап, өзін-өзі басқару жұмыстарын жүрізу;
  • Олар созылмалы жұқпалы емес ауруларға дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша кеңес беріп, оларды өз бетінше тағайындайды, ұсыныстардың сақталуын бақылайды және бағалайды;
  • Профилактикалық тексерістер жүргізіп, қосымша зерттеулерге жібереді және профилактикалық кеңестер береді;
  • Науқастарға медициналық, әлеуметтік және психологиялық мәселелерін анықтау үшін әлеуметтік-психологиялық кеңес береді;
  • Активтерді ұстау және диагностикалық зерттеулерге жолдамалар беру;
  • Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;
  • Науқастарды сұрыптау және маршруттау.
Талқылау