Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел 63 жасында сәбиін босанып, елдегі ең қарт ана атанды

Италияда әйел 63 жасында сәбиін босанып, елдегі ең қарт ана атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Diario Libre порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Diariolibre.com

Флавия Альваро алғаш рет 61 жасында жасанды ұрықтандыру жүйесіне жүгінген. Әйел Киевке барып, жасанды ұрықтандыруды қайта жасатқан. Себебі Украинада заң бойынша бұл процедурада жас шектеулері қойылмаған. Алайда әйел жүкті болған соң 14 аптадан кейін түсік тастаған.

Екі жылдан соң қайтадан жүкті болғысы келген Флавия Альваро сол клиникаға қайтып оралады.

Әйел жасанды ұрықтануға 15 мың еуро (1,4 миллион рубль) жұмсады. Ол сәтті болып, Альваро жүктіліктің сегізінші айына дейін жақсы өткен. Сегізінші айда ол мерзімінен бұрын толғатып, кесарь тілігі арқылы босануға мәжбүр болады.



3 маусымда италиялық әйел ұлы Себастьянды дүниеге әкелді. Баланың денсаулығында кінәрат болмады. Енді дәрігерлер оны үйге жіберу үшін жеткілікті салмақ қосуын күтіп отыр.

Альваро қазан айында 64 жасқа толады. Ол қазір – Италиядағы ең қарт ана.

Талқылау