Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Микроқаржы ұйымдары жабылуы мүмкін бе – Агенттік өкілі жауап берді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов микроқаржы ұйымдары жабылуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Сaravan.kz

Спикер қаржы ұйымдарын жабу емес, одан әрі дамыту қажет екенін алға тартты.

“Қаржы нарығын реттеуші ретінде біздің міндетіміз – әр салада қаржы нарығын дамыту. Бізде қазір жалпы ломбардтарды, коллекторлық ұйымдарды, микроқаржы ұйымдарын қоссақ, 1500 ұйым бар. Олардың бәрі Қазақстан өңірлерінде бірдей орналастырылған. Біз оларды не үшін дамытуымыз керек. Бізде қазір 21 банк. Олар көбіне үлкен қалаларда, облыс орталықтарында орналастырылған. Сондықтан алыс өңірлердегі микроқаржы ұйымдарының институттары даму керек”, – деді Олжас Қизатов.

Сонымен қатар ол микрокредиттердің ең көп көлемі қай өңірлерде екенін айтты.

“Микронесие Павлодар (23%) және Қостанай облыстарында (13%) минералдық ресурстарды өндірумен және электрмен жабдықтаумен байланысты өнеркәсіп секторларына тиесілі. Сауда және қызмет көрсету секторларына кредит беру Шымкент (10%), Астана (7,3%), Алматы (5,4%)сияқты ірі қалаларда және Түркістан (9,8%) және Жамбыл (5,3%) облыстарында басым”, – деді спикер.

Айта кетейік, қазір микроқаржы ұйымдарының пайыздық мөлшері – 56%.

Талқылау