Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Dauletten" қайырымдылық қорының ұйымдастырған форумда "Білімнің жұлдыздары" мараптталды

Астанада "Dauletten" қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен "Білімнің жұлдызы" I Республикалық студенттер форумы өтті. 

Форумды "Білімнің жұлдызы" шәкіртақысының иегерлері марапатталды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дәулет Төлеутайұлы, Гүлдара Алданышқызы, Гауһар Шаймерденқызы, Таңсауле Ғабдыманапұлы, Нұргүл Тау, Айна Ермекқызы, Нартай Аралбайұлы және қоғам белсенділері қатысы.

"Білімнің жұлдызы" шәкіртақысы – "Dauletten" қайырымдылық қорының бастамасымен биыл үшінші мәрте тағайындалып отыр. 

Шәкіртақы тағайындау мақсаты – еліміздегі колледж және жоғары оқу орындарында оқитын үздік студенттерді әлеуметтік жағдайына байланысты қаржылай қолдау, олардың заманауи қоғамдық талаптарға сай дағдыларын дамыту. Шәкіртақы оқуда, ғылымда және қоғамдық өмірде белсенді, талантты үздік студенттерді ынталандыру үшін беріледі.

Биыл Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 200 студент 100 000 (жүз мың) теңге көлеміндегі бір реттік ақшалай сыйақыға ие болды. Іріктеуге әр өңірден 987 өтінім келіп түскен. Шәкіртақы иегерлерінің 188-і ЖОО студенттері болса, қалған 12 жеңімпаз колледж студенті. 

Форум ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Dauletten" қайырымдылық қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мұқаев Дәулет Төлеутайұлының құттықтау сөзімен басталды. 

"Құрметті жастар! Бүгін сіздерді елордада көріп отқанмыа қуаныштымын. Біздің қор білімді жастарды әрқашан қолдайды. Дәстүрлі түрде өтетін бұл жоба студенттерге кішкене болса да шабыт берері сөзсіз. Жеңістеріңіз құтты болсын! Білімді жастарымыз көп болсын”

Тәжірибе жинап, өзге де жеңімпаздармен танысып-білісу үшін арнайы Алматы қаласынан келдім дейді Қонаев университетінің 1 курс студенті Тұрлыбек Мейрамбек. 

"Мен бұл шәкіртақы туралы ең алғаш әлеуметтік желіден көрдім. Бағымды сынап көрейін деген мақсатпен бір күнде құжаттарымды жинап, өткіздім. Тестілеуден де сәтті өттім. Бұл жоба маған жаңа таныстық пен орта сыйлады", - деді ол.

Елордада бас қосқан жастар ҚР Парламенті Мәжілісінің ғимараты мен Ұлттық мұражайда экскурсия жасайды. Ал 31 мамыр күні қуғын-сүргін құрабандарын еске алу мақсатында арнайы "Алжир" лагеріне сапар жоспарланған.

Талқылау