Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қорқынышты виллаға түнеген кезде бар қуанышымыз сейілді": Қазақстаннан Италияға көлікпен саяхаттаған ару қызық оқиғаларын бөлісті

Әсел есімді астаналық қыз Қазақстаннан Италияға көлікпен сапарлаған. Ол Еуропаның тарихи қаласына дейін 4 500 шақырым жол жүріп, саяхат 12 күнге созылған. Әсел Ысқақ неліктен сапарға бару үшін осы жолды таңдағанын, саяхатқа көлікпен шығудың қызығы және машақаты туралы Stan.kz тілшісіне айтып берді.

Фото: Жеке дерекқордан

Италияға дейінгі сапар 8 күнге, ал кері сапар 4 күнге созылды

3 жылдан бері Vitrina Real Estate компаниясында маркетинг бөлімінің кураторы қызметін атқаратын Әсел бұл сапарға әріптестерімен бірге шыққан. Айтуынша, компанияда отбасы идеологиясына сәйкес ұжымдық мәдениет қалыптасқан. Әріптестеріммен құндылықтарымыз ұқсас дейді. 

"Компаниямен жиі саяхаттаймыз. Сондықтан біз үшін бірлескен демалыс ұйымдастыру қиынға соқпады. Қазақстаннан Италияға қарай сапарымыз Астана-Омбы-Уфа (түнгі аялдама) - Саратов-Волгоград-Владикавказ-Тбилиси (түнгі аялдама) -Батуми-Ыстамбул (түнгі аялдама) -Греция (3 түнгі аялдама) (Игоуменица) бағыттарымен жүріп, Италияға (Бриндизи) пароммен жеттік. Ал Қазақстаннан Италияға баратын сапарымызда 2020 жылы шыққан Hyundai Palisade көлігін тізгіндедік. Бұл – құрбымның (әріптестің) көлігі. Ол көлікті қатты жүргізуден қорқады. Алайда Қазақстан ішінде жасаған кез келген сапарда осы көлікпен жүреміз. Италияға дейінгі сапар 8 күнге, ал кері сапар 4 күнге созылды", – дейді Әсел.

@iwoanme

Первые 4500 км пути

♬ оригинальный звук - Asel Yskak

Айтуынша, Ресей, Грузия, Түркия, Грекия, Италия елдерінің шекарасында ешқандай қиындық болмаған. Ал визаны визалық орталықтан алған екен. Аталған орталық оларға барлық құжатын дайындап беріпті. 

"Жолға қатысты мәселе Қазақстан өңірлерінде болды. Себебі ол кезде су тасқыны енді ғана басталып жатқан еді. Сосын Ресейдің кейбір жерлерінде ғана жолмен мәселе болды. Ал басқа елдердің жолында еш кедергіге жолықпадық. Әрине, әр елдің өзінің тамаша табиғаты бар. Біз Қазақстанның табиғатын ерекше жақсы көреміз және ел ішінде жиі саяхаттаймыз",  – дейді саяхатшы.

Фото: Жеке дерекқорынан

Сапар барысында үш айыппұл арқаладық

Әселдің сөзінше, негізгі шығын, яғни бюджеттің көп бөлігі көлікті дайындауға және бензинге кеткен екен. 

"Алайда тамақ қымбат болды. Себебі біз гастро-турларды жақсы көреміз. Әйтпесе бұдан әлдеқайда арзан әрі дәмді тағам табуға болатын еді. Біз Италияға жеткенге дейін жолдың қаншалықты ұзаққа созылатынын және оның сапасы қандай болатынын білмедік. Күтпеген шығындарға тап болдық. Ресейде шағын жол апатына ұшырадық. Бұл жерде біз кінәлі емеспіз. Дегенмен, жүргізушімен салғыласып, жолды кейінге қалдырғымыз келмеді. Бүкіл сапар барысында үш айыппұл арқаладық. Біріншісі, Ресейде тыйым салынған жолмен жүргеніміз үшін. Екіншісі, Италияда көлігімізді дұрыс емес тұраққа қойғанымыз үшін. Үшіншісі, Түркияда жылдамдықты арттырғанымыз үшін", –  дейді Әсел. 

@iwoanme Астана-Грузия #путешесествиенамашине #вгрузиюнамашине #туристы #автотуристы #виталиюнамашине ♬ оригинальный звук - Asel Yskak

Әселдің сөзінше, саяхатта ерекше әсер қалдыратын басты нәрсе – жаныңа дұрыс жолсерік таңдай білу. 

Фото: Жеке дерекқордан

"Рим әуежайында екі әріптесіміз қарсы алғанда қатты қуандық. Алайда, Комода қорқынышты виллаға түнеген кезде бар қуанышымыз сейілді. Әрине, ешқандай қауіп-қатер төнбеді. Дегенмен іштей қорқынышты сездік. Жалпы, бүкіл саяхат біз үшін естен кетпес естелікке толы болды. Себебі саяхат жасағанда маңызды дүние – жолсерігіңіздің кім болатынында. Ал бұл жағынан біздің жолымыз болды. Жол бойы бір-бірімізге қамқор болып, еш жанжалсыз жеттік. Алайда көлікпен ұзақ сапарға шықсаңыз, оны міндетті түрде техникалық жағынан әбден тексеріп, алдын ала дайындаңыз. Себебі жолдың ұзаруы немесе қысқаруы тікелей көліктің ахуалына байланысты. Сонымен қатар сапарға жақсы ниетпен шығыңыз. Себебі ол жолда жақсы адамдардың жолығуына, саяхаттың жеңіл өтуіне әсер етеді", – дейді Әсел.

@iwoanme

История одной слетевшей брони в Комо😂

♬ оригинальный звук - Asel Yskak

Әселдің сөзінше, Италияда мейрамхана иесі досының қазақстандық боксшы екенін айтқанда қуанғанын жеткізді. 

"Италияға барғанда тамақтану орындарында, жанармай құю бекеттері мен автотұрақтарда қайдан келгенімізді сұрағанда Қазақстан туралы ауыз толтырып айттық. Мысалы Грекияда Қазақстан мен Астананы футбол арқылы жақсы таниды екен. Ал Италияда мейрамхана иесі досының қазақстандық боксшы екенін айтты. Мұны есту біз үшін жақсы әсер қалдырды", – деді ол. 

Әсел, көлікпен саяхаттау қарапайым нәрселерден ләззат алуға үйретті дейді. Ол қазақстандықтарға өмірінде кем дегенде бір рет көлікпен ұзақ жолға саяхаттап көруді ұсынды. 

Талқылау