"Аяғым сынса да күліп тұруға мәжбүрмін": Қазақстандық келіншек құқық қорғау органында қызмет еткен күйеуінен қорғана алмай жүргенін айтты
Желіде Шынар Жанібекова есімді facebook қолданушысы жазба жариялап, күйеуінен зорлық-зомбылық көріп жүргенін жеткізді. Айтуынша, бұрын құқық қорғау органында жұмыс істеген күйеуінің әрекетіне полицейлер көз жұма қарауда. Сондықтан әйел өзінің өмірі мен қауіпсіздігіне алаңдайтынын алға тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото Шынардың facebook парақшасынан
”Мына фотода күйеуім менің аяғымды сындырған. Ал жарақатымның себебін ешкім білмейді. Аяғым сынса да күліп тұрмын. Неге? Себебі бұл қоғамның талабы. Біздің қоғамда әйел барлық былықты тек ішінде сақтап, әркез күліп жүруі керек”.
Шынар 8 мамырда күйеуі өзіне кезекті рет қол көтергенін жеткізді. Сөзінше, сол күні сыртқа жалаң аяқ шығып кеткен оны күйеуі жерге құлатып, тепкнің астына алған
“Қатты қорыққанымнан айқайлап көмекке шақырдым. Тіпті сол кезде қорыққаннан жіберіп те қойдым. Кіші ұлым бізді көріп, ол да айқайлай бастады. Осыдан соң ғана күйеуім үйге кіріп кетті. Біз ұлымыз екеуіміз көршілерге қашып барып, сол жақта полиция шақырдық”, – деді келіншек.
Шынар кейін полиция келген соң үй киіміммен жалаң аяқ сыртқа жүгіріп шыққанын айтты. Ал бұл кезде далада полицейлер оның күйеуіммен сөйлесіп тұрған.
“Маған қарап, олар аяқкиім киіп шығуымды сұрады. Ал мен өзімнің арыз жазғым келетінін жеткіздім. Олар бөлімшеге баруымыз керек екенін айтқаннан кейін мен киініп шықтым. Күйеуім болса маған тоқтау керек екенін, әйтпесе ұрып-соғудың жалғасатынын ескерткендей болды. Мен бәрібір арыз жазатынымды айтып жатқанымда полицейлер маған бөлімшеге жеткенше үндемеуімді айтып, көлікке мінуімді сұрады. Мен күйеуімнің жанына отырудан бас тартым. Кейін алдыңғы орынға отырғызды”, – деді ол.
Кейін Шынар полицейлерден үйде күйеуі тартып алған телефонын қашан қайтаратынын сұраған. Олар бөлімшеде шешетіндерін жеткізіпті.
“Ал күйеуім болса сол кезде көлікте өз телефонын еш қысылмай ұстап отырды. Жолда күйеуім мені әңгімеге тартты, мен үндемедім. Ал мен сөйлегенде “үндеме” деген полицейлер оған мүлде ескерту жасамады. Кейін оларға ескерту туралы айттым. Бөлімшеге жеткен соң да олар маған күйеуіммен бір камераға баратынымды айтты. Мен қарсы болған соң ғана екеуімізді екі бөлмеге шақырды. Арызымды жазған соң алда қандай шара қолданатынын сұрадым. Олар маған жауап бере алмайтынын, мұны учаскелік полиция өзіме хабарласып айтатынын жеткізді. Сол күні күйеуімді 3 сағатқа қамайтындарын алға тартты”, – деп қосты ол.
Келіншектің айтуынша келесі күні күйеуі ата-анасымен бірге барған. Алайда Шынар есікті құлыптап, оларды кіргізбеген.
“Учаскелік полиция арада 4 күн өткеннен кейін ғана хабарласып, келе жатқанын жеткізді. Келген соң маған қағаздарды ұсынып, қол қоюымды сұрады. Мұнда 30 күн күйеуім екеуімізге хабарласуға, хабарлама жазуға, сөйлесуге тыйым салынғаны жазылған. Ал 30 күннен соң ол қайта үйге орала алады. Мен оған ешқандай қарсылық та таныта алмаймын. Әйтпесе, мен де жауапкершілкке тартылып, айыппұл төлеймін. Полицияны тек мені ұрып-соққан жағдайда шақыра алады екенмін. Онда да қолымда оның ұрғанын дәлелдейтін аудио, видео жазбалары болуы тиіс. Болмаған жағдайда полицияны жалған ақпаратпен шақырғаным үшін тағы айыппұл төлеуім керек.
Одан бөлек, полиция менен “Күйеуіңді шынымен сотқа бергің келе ме?” деп сұрады. Айтуларынша, бұл балаларымның болашағына кері әсерін тигізеді. Яғни әкелері сотты болған деген құжатқа түсетінін жеткізді. Тіпті күйеуімнің бұрынғы құқық қорғау қызметкері екенін айтып, онымен байланыспағаным жөн екеніне меңзеді”, – деді Шынар.
Әйелдің айтуынша күйеуі де, оның әкесі де құқық қорғау органында қызмет еткен. Ол сол күні учаскелік полицейге қаруын өткізген.
“Мұны тек осындай жағдайды басынан өткерген әйелдер түсіне алады. Себебі жаныңда болса өлтіретінін ұққан соң өзіңді барынша қорғауға тырысасың. Енді осыдан түйін шығара беріңіздер! Бізде шынымен әйелдер өздерін қорғай ала ма? Әйелдерге лайықты құрмет көрсетіле ме? Қазір менің өз жоспарларым бар. Сол арқылы әрекет ететін боламын”, – деп қорытты ол.