Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жемқорлықтың иісі шығып тұр": Қоғам белсендісі Алматы әкімдігінің құрылысы тоқтап тұрған метроға 450 миллиард теңге сұрап отырғанын айтты

Қоғам белсендісі, саясаткер Санжар Боқаев желіде Алматыдағы жаңадан салынып жатқан метро станцияларының құрылысын сынға алды. Айтуынша бұл жұмысқа әкімдік бюджеттен 450 миллиард теңге сұратып отыр екен. Қоғам белсендісі қазір тоқтап тұрған станциялардың құрылыс жұмысынан билік ақша жымқыру үшін қу схема құрғанын айтып, тексеріс жасау керек екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Санжар Боқаевтың видео кадрларынан скринделген

Боқаев Момышұлы станциясынан Қалқаманға дейін жоспарланған жер асты жолы құрылысы 2020 жылы басталғанын жеткізді. Айтуынша, алайда құрылыс әлі жарты жолға да жетпеген. 

“Сұмдық иіс. Жемқорлықтың иісі. Алматы әкімдігінен Көлік министрлігіне дейін жемқорлық әрекеті сезіліп тұр. Себебі Момышұлы станциясынан Қалқаман станциясына дейінгі метро құрылысында жер астындағы ұңғыма қалқаны істен шыққан. Бұл жер асты жолын қазатын арнайы құрылғы. Егер естеріңізде болса, былтыр метро салуда ешқандай тәжірибесі жоқ “Bazis Constuction” ЖШС осы жұмысты мойнына алған еді. Ал қазір жұмыс осы жерде тоқтап тұр. Сенбесеңіздер көріңіздер, мына жерде метро салу бойынша қызу жұмыс мүлде жүріп жатқан жоқ. Бұл құрылыс 2020 жылы басталған. Төрт жыл өтті ал олар әлі тіпті жолдың жартысына жеткен жоқ. Мұндай қарқынмен олар мына станцияның әлі бірнеше жыл салады”, – деді Боқаев. 

Қоғам белсендісінің айтуынша, қала әкімі Досаев мұнда келіп, жер астына түсіп, жұмыстың қалай жүріп жатқанын тексерудің орнына үндемей, ешқандай шара қолданбай отыр. 

“Ал енді ең қызығы жаңа метро станцияларының бағасына қараңыздар. Сіздердің бұл қаражат туралы білуге құқықтарыңыз бар. Себебі бұл ақшаның бәрі бюджеттен, біздің салықтан, және мемлекет тағы ұзақ жылға несие алып содан бөлінетін болады. Қалқаманнан Барлық станциясына дейін 5,3 шақырым жол бар. Осы бөлікке 450 миллиард теңге бөлінген. Сонда әр 1 шақырымға – 85 миллиард теңгеден болады. Ал бұған дейін салынып біткен метро станциларына 1 шақырымға осыған дейін 67 миллиард теңге бөлінген. Анығырақ айтқанда үш есеге арзан болған. Енді қарасақ бір ай бұрын әкімдік сметалық құжаттамада бұл станциялардың құны 344 390 миллиард теңге тұратынын есептеп көрсеткен. Алайда неге әкімдік кейін кенеттен қаржыны бірден 450 милиард теңгеге дейін өсірген?”, – деп сұрақ қойды саясаткер.

Осы тұста Боқаев метро құрылысын қазақстандық компания шетелдік екі компанияға үстемдік ете отырып жүргізетінін алға тарты. Олардың бірі қытайлық және екіншісі түркиялық екен. Айтуынша шенеуніктер шетелдік компанияларды жалдау арқылы қаражатты шетелге оңай шығарып, ол жақта сұраусыз-ақ оңай жымқыра алады. 

“Бұл шетелдік компаниялар метро желісін 120 миллиард теңгеге қымбатқа салмақшы.  Бұл шенеунктер үшін ақша жымқыруда қауіпсіз тәсіл. Яғни ақшаны шетелге жіберген соң оның қайда кеткеніне түсінік беріп, әуреге түпейді. Ақшаны шетелге шығаруға тырысып әуре болмай бірден сонда ашық түрде аудара алады. Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі сіздер осы мәселенің жолын кесулеріңіз керек. Себебі бізде бұл 120 миллиард теңгені бөлуді қажет ететін орындар жеткілікті”,- деп қосты ол.

Өоғам белсендісі осыған дейін салынған 11 жер асты желісін осыған дейін кәсіби мамандары мен қажетті құралдары бар қазақстандық компанияның салғанын мысал етті.



“Неге соларға тапсырмасқа, неге сіздерге шетелдіктерге жүгіну керек. Олардың бізге құралдарын алып, келіп жұмыс істеуі 30 пайызға қымбатырақ қой. Біз өзіміздің отандық өнімдермен жұмыс істеуіміз керек. Осған дейін 11 станция сала алдық па, енді тағы да 11 сала аламыз. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік, бұл жерде жемқорлық біз ойлағаннан да ақылмен жасалған. Бұл жерде жүздеген миллиард теңге ұрланайын деп тұр. Ал сіздер ұсақ-түйектің артынан жүрсіздер. Ұлттық экономика министрлігі соңғы сөз өздеріңізде. Осындай жемқорлықтың орын алуына жол бермейсіздер деп ойлаймын. Мен өз елімнің 120 миллиард теңгесін үнемдегім келеді”, – деп қорытты Боқаев. 

Stan.kz тілшісі осы мәселеге байланысты Алматы қаласының әкімдігінен сұрады. Метрополитен былай жауап берді.

“Құрылыс жұмыстары кезінде техникалық ақау болғаны рас. Алайда мамандар арнайы техника жұмысын дереу ретке келтіріп, қазіргі кезде жұмыстар қайта жандандырылды. Ал үшінші кезектің үш бекетінің құрылысы бойынша қазіргі кезде жобалау сметалық құжаттар әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер ұйымдар ҚР заңнамасына сәйкес конкурстық негізде анықталады. ⁠Метроның келесі кезектегі үш станциясының құрылысына 344 млрд теңге бөлінді. Бұл сомаға ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Қалқаман бекетін 2025 жылдың соңында қолданысқа беру жоспарланған”, – деді ведомство. 

Талқылау