Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығын – 300 миллион теңге: "Трейдинг құдайы" Диана Иконникова бес жылға бас бостандығынан айырылды

2020 жылы CINVEST компаниясын тіркеп, Instagram арқылы криптовалюта сатып алу, сату қызметтерін ұсынған Диана Иконникова бес жылға бас бостандығынан айырылды. Журналист Михаил Козачковтың айтуынша, салымшылар арасында 140 мың доллар табыс тапқандар болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Оның өте танымал ne.diva аккаунтына миллионнан астам оқырман тіркелген. Көпшілік арасында "Трейдинг құдайы" деген атпен белгілі блогердің жасы 29-да. 

“Оған тез арада қомақты сома салғысы келетін клиенттер пайда болды. Мәселен, алғашқы әйелдердің бірі 40 мың доллар табыс тапты. Екіншісі шамамен 140 мың доллар, үшіншісі 36 мыңдай, төртіншісі 50-ге жуық, т.б. Жүздеген адамдар жинақтарын Иконниковаға сеніп тапсыра бастады”, – деп жазды журналист. 

Оларға 100% пайда түсетініне, инвестицияның қайтарылатынына кепілдік берілген.

Бірақ одан кейін әлдене дұрыс болмай, компанияның дивидендтерін анықтау қиынға соққан. 2021 жылдың күзінде CINVEST қаржы пирамидасы деп танылып, Диана елден кетіп қалды. Ол өзінің Instagram-дағы парақшасын жүргізуді тоқтатпай, жүздеген салымшыларға 4 миллион долларды қайтарамын деп уәде берді. Иконникова эфир арқылы сұхбат беріп, биткоин бағасының төмендегенін, активтерді сатуға тура келгенін түсіндіріп, бәрі жақсы болатынына сендірген. 

Алайда ұзақ уақыт тергеуден қашу мүмкін болмады, "Богиня трейдинга" көрші елде ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. 2023 жылдың ақпан айында ол Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына тоғытылып, сот алдында жауап берді.

Cinvest-тің 17 клиенті алаяқтық туралы шағым түсірген. Жалпы шығын шамамен 300 миллион теңгеге бағаланды. Иконникова кінәні толық мойындап, өзін қатаң жазаламауды өтінді, бәріне бірінші мүмкіндікте ақшаны қайтаруға уәде берді.

Криптовалюта трейдері 5 жылға түрмеге жабылды. Ол үшінші мерзімін өтеп те үлгерді.

Талқылау