Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақшасыз жүргенімізге екі ай болды”: "Қармет" шахталарындағы күзетшілер жалақыларын талап етті

"Қармет" шахталарындағы күзетшілердің бәрі екі ай бойы жалақы алмағанын айтып шағымданып жатыр. Қызметкерлер тіпті қараша айынан бастап МӘМС, зейнетақы жарналарына қаражат аударылмағанын жеткізіп, наразылық танытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото сюжет кадрларынан

"Карметтің" төрт облыстағы барлық зауыттары мен шахталарын күзететін "Норд-2050" фирмасының жиырма қызметкері бас көтерді. Олардың айтуынша, мұнда жалақысы небәрі 80 мың теңге болатын 300 адам ақшасын әлі күнге дейін ала алмай жүр. Олар 16 ақпаннан бастап "Қармет" күзет агенттігімен шартты бұзған.

“Жалақы жоқ. Несиені айтпағанда жол мен тамаққа берілмеді. Қазір қызметкерлердің аз ғана бөлігі жиналған. Негізінде көп адам ештеңесіз қалды. Ақшасыз жүргенімізге екі ай болды”, – деді қауіпсіздік агенттігінің қызметкері Наталья Ершова.

Тағы бір қызметкер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру болмағандықтан тіпті қазір ауруханаға бара алмай жүргенін айтып шағымданды. 

“Осындай аз жалақыға адамдар бекерден бекер келіп жұмыс істеп жатқан жоқ. Біреуінің денсаулығы нашар, кейбірінің көп балалы отбасы бар, енді бірі – зейнеткер. Бұл адамдар қосымша табыс тапқысы келеді. Қазір енді көбі ауыр жағдайда жүр”, – деді қауіпсіздік агенттігінің қызметкері Татьяна Шинкоренко.



Ал күзет агенттігінің басшылығы "Кармет" олардың қызметі үшін жарты миллиард теңгеден астам ақша қарыз екенін алға тартты. Компания бірнеше апта бұрын тек металлургия зауытында жұмыс істейтін күзетшілерге айлықтарын төлеген. Енді қалғандарына сотқа дейінгі талап қойылған.

“Хат алмасу 2023 жылдан бері жалғасып келеді. 2024 жылы екі хат жіберілген. Соңғысы ақпан айында болды. Қарызды өтеу мерзімі 5 наурызға дейін. Әйтпесе, біз сот органдарына жүгінуге мәжбүр боламыз”, – деді "Норд-2050" ЖШС өкілі Еран Оспанов.

"АрселорМиттал Теміртау" Лакшми Миттал кезінде 2016 жылдан бастап өз мердігерлеріне бірнеше ондаған миллиард теңге қарыз болды. Қазір бұл қарыздардың барлығы "Карметке" өткен.

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 05 Наурыз, 2024 10:44
Талқылау