Шымкентте дәмханалардың бірінде жалған доллар өткізбек болған адам 5 жарым жылға сотталды
Қазақстан азаматы Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық істі Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеген.
“Аталған азамат 100 долларлық банкноттармен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды” , – делінген ақпаратта.
- Ақмола облысында экс-полицей екі жыл бойы көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан
- Түркістан облысында білім бөлімінің бухгалтерлері 400 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағаны айтылады.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытып, қолма-қол ақшаны мұқият санауға шақырады.
Бұған дейін Ұлытау облысында көмекке мұқтаж азаматтарға бөлінген қаражатты қалтасына басқан шенеунік бостандықта қалғаны белгілі болған.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді