Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяз басылады: Қазақстанда алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша 18-20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аяз біртіндеп әлсірейді.

“Қазақстанның көптеген облысында ашық аязды ауа-райына себеп болған ауқымды антициклон кете бастайды. Осыған байланысты температуралық фон біртіндеп көтеріліп, аздаған қар жауады. Ал елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа-райы тұрақсыз болады. Жауын-шашын негізінен қар түрінде болады. Көктайғақ, боран болады. Жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі уақыттарда ел аумағын тұман басады”, – делінген хабарламада. 

Талқылау