Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чизбургер мен пицца алғызған: Шымкентте параның орнына кешкі ас сұратқан жүкті қызметкер шенінен айырылды

Шымкентте 33 жастағы аға инспектор пара алу бойынша айыталды. Қызметкер кешкі ас әпергені үшін пробациялық бақылаудағы шартты түрде сотталған адамның іс-әрекетіне көз жұмған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Оtyrar” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Еңбекші ауданының қызметкері сотта пара алу бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сот оны мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 300 мың теңге көлемінде айыппұл салуға үкім шығарды.

"Сот үкім шығарған кезде оның бұрын сотталмағанын, баласы бар екенін, сондай-ақ кінәсін толық мойындауы мен екінші баласына жүкті екенін ескерді. Оған айыппұл тағайындалды және полиция капитаны атағынан айырылды", – деді Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сәбит Төреханов.



Судья сонымен қатар әр мемлекеттік мекемеде бейнекамералар болатынын ескертті. Сотталып жатқан қызметкерге бақылауда тұрған адам 12 мың теңгеге тамақ әкелгенін де қоса кетті.

Белгілі болғандай, бұрынғы қызметкер кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отыр және қазір екінші баласына жүкті. Ол параның орнына қуырылған картоп чизбургері мен пиццаға тапсырыс берген. Шартты түрде сотталған адамға кешкі ас шамамен 13 мың теңгені құраған.

Талқылау