Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2023 жылы қазақстандықтар Google-дан қандай сөздерді көп іздеген?

Google Trends сараптамалық мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан аумағында соңғы 12 айда ең көп “слово пацана" (телехикая) тіркесі ізделген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Сондай-ақ іздеу жүйесінде қазақстандықтар арасында "chat gpt", "character ai", "кровавые цветы", "білім класс", "пиндуодуо", "мрп 2023", "календарь 2023", "юань в тенге", "proxifier", "зимородок” сөздері ең көп ізделген сөздер қатарына енген. 

Іздеу бестігін "погода", "переводчик", "скачать", "кунделик", "кунделик кз” сөздері толықтырған.

Іздеу тақырыптарының ішінде "Whats Web", "Готовые домашние задания", "Видео", "Слово пацана. Кровь на асфальте", "Зимородок", "Женщина", "2023", "OLX", "Одноклассники", "Wildberries", "Волосы", "Kaspi Bank – Отделение", "Китайский юань", "Банкомат Народного Банка", "Tele2” тіркестері де алдыңғы қатарға шықты.

Үздік бес тақырып: "Погода", "Перевод", "Казахстан", "Алматы", "Русский". 

Талқылау