Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылжымайтын мүлік уәде еткен: Атырауда қаржы пирамидасына ақша салуды ұсынған азаматтар сотталды

Атырауда "QazHome" тұтыну кооперативінің атын жамылып қаржы пирамидасын ұйымдастырған қала тұрғындары бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, аталған тұлғалардың заңсыз әрекеттерін азаматтарға жылжымайтын мүлік береміз деген желеумен қаржы пирамидасына ақша салуды ұсыну арқылы іске асырған.

“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кооперативтің қызметіне 300-ге жуық салымшы тартылған. Оның ішінде тек 35 адам ғана өтініш беріп, бұл өтініштер бойынша келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгеден асатыны анықталды”, – делінген хабарламада.

Деректерге сай, сот үкімімен "QazHome" тұтыну кооперативінің басшылары кінәлі деп танылып, әрқайсысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Талқылау