Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайының иелері Тимур Құлыбаевқа тағы 50 млн доллар төледі

Алматы әуежайының иелері Тимур Құлыбаевқа тағы да 50 миллион доллар төлеп, облигацияларын 400 миллион долларға шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kursiv.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

2023 жылдың үш тоқсанындағы нәтижелерін инвесторларға таныстырған Алматы әуежайының иесі TAV Airports өзінің қазақстандық активтері туралы айтты. 

"Алматыға халықаралық саяхат Жаңа Қазақстан бастамасы аясында орта таптың өсуінің, іскерлік саяхаттардың артуының және сыртқы туризімнің арқасында өркендеп келеді. Қытай мен Еуропаның арасында орналасқан Алматыда электронды коммерция қолдау көрсететін күшті жүк тасымалы да бар”, – деп мәлімдеді компания өкілдері.

Алматы халықаралық әуежайында 2023 жылдың 9 айында жолаушылар ағыны 7 миллионнан астам адамды құраған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 36%-ға, ал 2019 жылғы пандемия алдындағыдан 47%-ға артық. Соңғы көрсеткіш өте маңызды, өйткені түрік холдингінің Алматы әуежайын сатып алу мәмілесіне басқалармен қатар қозғалысты қалпына келтіру шарттары да кіреді.

Мәміле бастапқыда 415 миллион долларға бағаланды, бірақ пандемия салдарынан трафиктің төмендеуін есепке алу үшін сома 365 миллион долларға дейін төмендетілген болатын. Трафиктің пандемияға дейінгі деңгейге оралуына байланысты сатып алушылар қосымша 50 миллион доллар төлеуі керек еді.

TAV Airports есептері 2021 жылдың үшінші тоқсанында сатушыға бірден 6,6 миллион доллар төленгенін көрсетеді, бұл сатып алу сомасын 372 миллион долларға жеткізді.

Әуежайдың бұрынғы иесі 2023 жылдың екінші тоқсанында кейінге қалдырылған 50 миллион доллар төлемін алған.

"Сатушыға Алматы әуежайы үшін тағы 50 миллион доллар пайда төленді”, – деп мәлімдеді компания өкілдері. 

Талқылау