“Кездеспек болыпты”: Маңғыстау облысында ер адам 10 жасар қызға интимдік сипаттағы хабарламалар жазған
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында 19 жастағы жігіт 10 жасар қызға WhatsApp мессенджері арқылы интимдік сипаттағы хабарлама жазған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: polisia.kz
Полиция 19 жастағы жігітті ұстады. Күдіктінің іс-әрекеті бойынша тергеу басталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
8 желтоқсанда полицияға әйел өзінің 10 жасар қызына белгісіз адам WhatsApp мессенджері арқылы интимдік сипаттағы хабарлама жазады деген мәлімдеме жасаған.
Әйел хабарлама жазған адаммен қызының ұялы телефонынан сөйлесіп, кездесу ұйымдастырған. Ер адам белгіленген жерге көлікпен келгенде видеоға түсіріп, сол арқылы полицияға жүгінген.
"Полиция 19 жастағы жігітті ұстады. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", – делінген баспасөз мәліметінде.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”