Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5G үйлерді қалай ақылды етті: Журналист сынап көрді

5G қарқынды өзгерістер әкелген саланың бірі – ақылды үйлер жүйесі. Бұл саламен айналысатын қазақстандық компания маманының сөзінше, биыл тапсырыстар саны 7-8 есеге көбейген. Осы ретте ақылды үй технологиясын пәтеріне орнатқан алматылық журналист Гүлсезім Мұхатайдан бұл жүйенің артықшылықтарын сұрап білдік. Үйін бір-ақ батырма арқылы басқарғысы келген ару алғашында қарапайым желінің әлсіздігінен кедергілер болғанын жасырмады. Кейін ол Kcell Auleti жоғары жылдамдықты 5G сымсыз желісін смарт үйінде сынап көрді.

Гүлсезім жұмыс барысымен іссапарлар мен кездесулерде көп жүреді. Журналистің айтуынша, баспанасына ақылды үй жүйесін орнатып, 5G сымсыз желісін қолданғалы бері уақытын үнемдеп, қауіпсіздікке алаңдамайтын болған.

“Мәселен, жұмыс бітіп, шаршаған кезімде жолда келе жатып-ақ шәйнекті қайнату түймесін басып, жарықтарды жағып қоямын. Бір сөзбен айтқанда үйіме жеткенше бәрі дайын тұрады”, – дейді ол. 

Оның айтуынша, смарт үйінің басты артықшылығының бірі – қауіпсіздігі. Мұнда есік өз иесінің бейнесімен ғана ашылады. Құбырдан су кетсе, түтін шықса, бірден телефонға сигнал келеді. Ал перделерді диванда отырып-ақ ашып-жабуға мүмкіндік бар. Мұның бәрін смартфондағы бағдарламамен бақылап, қашықтан басқаруға болады. 

“Күнделікті жұмыста халықтың түрлі мәселелеріне тап боламыз. Бұл әрине, кейде күйзеліс тудырып жатады. Одан бөлек, алып шаһарымызда экология мәселесі де жоқ емес. Ауаның ластығы да денсаулығымызға әсер етеді. Осы тұста ақылды ауа тазартқыш құрылғымды да үйге келе жатып, алдын ала қосып қоямын”, – деді маман. 

Гүлсезім қазір жылдам желінің үйінде де, жұмысында да қажеттілікке айналғанын жасырмайды. 

“Кешкісін дыбыстық көмекші құрылғымен ақылды шамдарымды жағып, жылдам желіні пайдаланып, ағылшын тілінен сабақ аламын. Негізі үйдегі ауа тазартқыш, шам, шәйнек сияқты дүниелер телефон бағдарламасынан бөлек, осы дыбыстық көмекшіге де тікелей жалғанған. Яғни қажет функцияларды сөйлеп те басқара аламын. Дыбыстық көмекшім шамды жақ десем – жағып, өшір десем, өшіреді. Ал осы тұста Kcell Auleti-нің маңызы зор. Себебі ол еш кедергісіз жұмыс істеп, барлық мүмкіндікті пайдалануға көмектеседі”, – деді кейіпкеріміз. 

Ақылды үй жүйесі сонымен қатар энергия мен суды ысырапсыз пайдалануға септігін тигізеді. Сондықтан коммуналдық қызметтерді де біраз үнемдеуге болады. Гүлсезім елімізде тұрғындардың осындай дамушы технологияның пайдасын көре алатынына қуанатынын жеткізді.

Бүгінде елімізде сұраныс артқандықтан ақылды үй жасап шығатын компаниялар көп. Ал 5G желісінің аймақтарға орнатылуы бұл салаға сұраныстың артуына әсер етуде. Статистикаға сүйенсек, бүгінде Қазақстан тұрғындарының жартысынан көбі осы жаңа технологияны тұтынады.

Астанадағы ақылды үй жүйесін орнатумен айналысатын компания басшысы Жанайдар Сапарғалиев былтырмен салыстырғанда компаниясына тапсырыстар саны 7-8 есеге өскенін айтады.

“Бұл жүйе Еуропа, Азияда бұрыннан жақсы дамыған. Ал бізде енді-енді қолға алынып жатыр. Дегенмен қазақстандықтардан сұраныс көп. Себебі бұл, біріншіден, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге таптырмас құрал. Мәселен, сұраныс былтырмен салыстырғанда 7-8 есеге өссе, айына шамамен 50-60 пәтерді смарт үйге айналдырып, иелеріне тапсырамыз”, – деді маман. 

Компания басшысы осы тұста смарт технология саласында интернет жұмысының маңызын да атап өтті. 

“Әрине, ақылды үйлердің жұмыс істеуіне интернет тікелей әсер етеді. Үйдің баптауларын жасауда негіз болады. Маман ретінде жылдам желінің енгізілуін қолдаймын. Себебі 5G желісінінің пайдасы мол болмаса, кемшіліктері жоқ. 5G де елімізге енді-енді орнатылып жатыр. 4G желісіне қарағанда бірнеше есе жылдам жұмыс істейді”, – деп қосты ол. 

Айта кетейік, бүгінде Алматы қаласында Kcell-дің жаңа буындағы базалық станциялары күн санап көбеюде. Ал Қазақстан бойынша 470-тен астам базалық станция, бір ғана Алматы қаласында 170-ке жуық 5G станциялары орнатылып, халыққа жоғары жылдамдықты интернетті қамтамасыз етуде. Ал бесінші буын байланыс желісін пәтерлерге орнатқан "Kcell Auleti" жобасы қазіргі таңда 6 қалада: Алматы, Астана, Шымкент, Атырау, Ақтау, Қарағанды қалаларында қолжетімді.

Оператор әлі де өзге қалалар мен елді мекендерде ғана емес, оқу орын мен жатақханалар, сауда орталықтарында бесінші буын технологиясын енгізуді жалғастыруда. Осылайша, жаңа технология өмірімізді жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік жауапты және экологиялық тұрақты қоғам құруға көмектеседі. 

Талқылау