Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа жылға жаңа Hyundai-мен: Танымал модельдерді 2,4% қолжетімді автокредитпен ала аласыз

Қазақстандағы Hyundai және “Астана Моторс” қысқы мерекелер аясында тек 31 желтоқсанға дейін автокредиттеудің жаңа бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды.  

стариа

Hyundai автомобильдері көптеген қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Сондай-ақ темір тұлпарлардың танымалдығы мен қолжетімділігі оларды жаппай халықтық көлікке айналдырды. Енді қалаған автомобиліңізді сатып алу одан сайын оңайырақ болайын деп тұр. 

Қолжетімді автокредит

Жаңа жылдық бағдарлама арқылы Қазақстандағы ең танымал Tucson кроссоверін, Palisade толық өлшемді кроссоверін және Staria минивэнін сатып ала аласыз. Автокредит мерзімі мен бастапқы жарнаның мөлшеріне қарай ыңғайлы шарттар қарастырылған. 

Мысалы, қозғалтқыш көлемі 2.5 литр болатын Hyundai Tucson-ды бағдарламаның келесі шарттары бойынша алуға болады: 

  • сыйақы мөлшерлемесі – 2,4%; 
  • мерзімі – 3 жыл.

Сондай-ақ бағдарлама шеңберінде 2 жылға дейінгі мерзімге 0,1% мөлшерлемемен бөліп төлеу қызметі қолжетімді. Мұнымен қоса сыйлық ретінде КАСКО беріліп, 5 техникалық қызмет көрсетіледі. 

Осы бағдарлама бойынша қалған ұсыныстармен Hyundai ресми дилерлерінде, сондай-ақ брендтің сайтында танысуға болады. 

Сондай-ақ құны 7 миллионнан 12 миллион теңгеге дейінгі Hyundai i20 және i30 модельдері үшін де ерекше ұсыныс бар:

  • бастапқы жарна 0%;
  • кредиттеу мерзімі 7 жылға дейін
  • і20 үшін ай сайынғы төлем 197 665 теңгеден, i30 үшін 266 252 теңгеден. 

Hyundai Tucson, Santa Fe, Bayon, i30, Palisade, Staria және IONIQ 5 электромобилін қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз сатып алсаңыз, автокөліктерге арнайы баға ұсынылады. Темір тұлпарлар Қазақстандағы Hyundai-нің барлық ресми дилерлік орталықтарында бар.

Брендтің барлық жаңа жылдық науқандары туралы толығырақ Hyundai ресми сайтынан және 7007 нөміріне қоңырау шалу арқылы тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығынан біле аласыз. Сондай-ақ Қазақстан қалаларындағы ресми дилерлік орталықтардан ақпарат алуға болады. 

Талқылау