Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда ұлттық ұлан курсанттары жаппай қызылша жұқтырған

Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының курсанттары арасында қызылша жұқтырғандардың саны артты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлттық ұлан академиясындағы жағдай туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің вакцинамен басқарылатын инфекциялармен күрес басқармасының бас сарапшысы Наргиз Мұратова айтты.

"Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясында қызылша жұқтыру күдігі бойынша 50 жағдай тіркелді. Оның ішінде 43 жағдай зертханалық расталды, екі жағдай ЖРВИ диагнозы қойылды, 5 жағдайда тексеру жүргізілуде. Жағдай аумақтық денсаулық сақтау басқармалары мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бақылауында", – деді Мұратова.

Оның айтуынша, қызылшаның өршуі туындаған мұндай жағдайларда инфекция ошағындағы 30 жасқа дейінгі байланыстағы тұлғаларға тегін вакциналау жүргізіледі, науқастар оқшауланады.

Еске салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының сарбаздары жаппай қызылша жұқтырғанын хабарлаған болатын. Ол кезде ауру жұқтырғандар саны 17 адам болған.

Талқылау