Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада шығыс медицинасына жүгінген ер адам көз жұмды

Астана тұрғыны дәстүрлі емес медициналық қызметпен айналысқаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Мемлекеттік айыптаушы абайсызда адам өліміне әкеп соққан дәстүрлі емес шығыс медицинасымен айналысқан сотталушының кінәсі туралы айтты.

"Күдікті азамат тиісті куәліктері мен лицензиясы болмағанына қарамастан медициналық қызметпен айналысқан. Емханаға ұйқышылдық шағымымен барған жәбірленушіге Қазақстанда рұқсат етілмеген дәрілік инъекция жасалған, содан кейін оның денсаулығы күрт нашарлаған. Науқас есін жимай, біраз уақыттан кейін қайтыс болды", — делінген Астана прокуратурасының хабарламасында.

Сараптамаға сәйкес, өлімге анафилактикалық шок себеп болған.

"Сот кінәліге медициналық қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы үкім шығарды. Прокуратура азаматтарды қызметтің осы түрімен айналысуға тиісті рұқсаты жоқ тұлғалардың медициналық көмеігне жүгінбеуге шақырады", – делінген хабарламада. 

Талқылау