Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қар, көктайғақ, тұман күтіледі": Синоптиктер қарашаның соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады

Қазгидромет Қақстан бойынша қараша айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың айтуынша, алдағы күндері ел аймақтарының басым бөлігінде қар, жаңбыр, көктайғақ, тұман күтіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pixabay-дан

Синоптиктер Қара теңізден келетін циклон әсерінен 28 -29 қарашада солтүстік, орталық және оңтүстік аймақтарда, 30 қарашада еліміздің көп бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжады.

Ал солтүстік аймақтарда 28-30 қарашада жел екпіні 23-28 м/с дейін жетіп, бұрқасын болады деп күтілуде. Республиканың оңтүстік аймақтарда күндізгі ауа температурасы 15-24 градустан 0-12 градусқа дейін төмендейді.

1 желтоқсан күні Астанада күн бұлтанып, қар жауып, көктайғақ пен боран болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3 -5 градус, күндіз 1 -3 градус аяз болмақ.

Ал Алматыда 1 желтоқсанда күн бұлттанып, өткінші жауын-шашын мен тұман күтіледі. Батыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 5-7 градус жылы.

Талқылау