Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамзатқа қауіп төндіреді": ChatGPT әзірлеушісінің директорлар кеңесі жасанды интеллекттің күшті серпілісін ескертті

Сарапшылар жасанды инттелекттің адамзатқа тигізетін үлкен қаупі туралы ескертуде. OpenAI директорлар кеңесін басқаратын Сэм Альтман осы тұста қызметінен кетті. Ал мамандар оған жасанды интеллекттің алдағы уақытта күштірек бола түсетінін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет pexels-тен

OpenAI бас директоры Сэм Альтман қызметінен босатылар алдында бірнеше қызметкер директорлар кеңесіне хат жазып, адамзатқа қауіп төндіретін жасанды интеллект туралы ескерткен. Альтманның қызметінен кетуіне де дәл осы хат себеп болуы мүмкін. 

Алайда 22 қарашада Сэм Альтман қызметіне қайта оралып, ал оны жұмыстан босатқан директорлар кеңесі таратылып, жаңа құрам құрылды.

Дереккөздердің айтуынша, жасанды интеллект саласындағы серпіліс Q* (Q-Star деп аталады) жобасымен байланысты. Q* жобасының әдетте жасанды жалпы интеллект (AGI) деп аталатын супер интеллект құрудағы серпіліс болуы мүмкін екені хабарланды. Егер AGI толығымен енгізілсе, ол тек адамдар орындай алатын кез келген интеллектуалды тапсырмаларды жүзеге асырады.

"Орасан зор есептеу ресурстары бар жаңа модель математикалық мәселелерді шешуге қабілетті", – деді OpenAI қызметкерінің бірі.

Ғалымдар математиканы генеративті AI дамуындағы шекаралардың бірі деп санайды. Әзірге мұндай жасанды интеллект мәтін жазуда және тілді аударуда, келесі сөзді статистикалық болжауда жақсы. Ал математиканы меңгерсе AI адамның интеллектіне ұқсайтын үлкен ойлау қабілеттеріне ие болады деп болжануда. 

Зерттеушілер жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен оның ықтимал қауіптеріне назар аударған. Ғалымдар тіпті жасанды интеллект дамыса олардың адамзатты жою туралы әрекетке барып бармау мүмкіндігін талқылады. 

Талқылау